Қаз 03, 2023 18:52 Asia/Almaty
  • Ислам революцияcы жетекшісі: Ұлы Пайғамбар адамзаттың барлық  дерттеріне дәрмен ұсынды

Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) және имам Садықтың (ғ.с.) туған күнімен тұспа-тұс  бір топ адамдар, үкімет қайраткерлері, ислам елдерінің елшілері және Бірлік конференциясының қонақтары  бүгін (сейсенбі) таңертең Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеимен кездесті.

 

Ислам революциясының жетекшісі осы кездесуде бүгінде Исламмен дұшпандық бұрынғыдан да айқынырақ екеніне тоқталып, бұл дұшпандықтың үлгісін Құранға надандық тіл тигізу деп бағалап: «Надан ақымақ балағаттап, үкімет қолдайды, бұл мәселенің жай сахналық, қорлау әрекеті емес екенін көрсетеді",- деді. Ол сөз бостандығын сылтауратып, жалған мәлімдемелермен Құранды қорлауды абыройсыздық деп тауып: "Сөз бостандығын сылтауратып Құранды қорлауға рұқсат беретін елдерде сионистік рәміздерге де шабуыл жасауға рұқсат ете ме? Бұлардың дүние жүзіндегі жауыз, қылмыскер және тонаушы сионистердің қол астында екенін қай тілмен анық дәлелдеуге болады? Аятолла Хаменеи Батыс Азия мен Солтүстік Африка аймағындағы ислам елдерінің бірлігі Американың ұрлық, мәжбүрлеу және араласуының алдын алатынын баса айтып: "Бүгінде Америка аймақ елдеріне саяси және экономикалық тұрғыдан соққы беруде, Сирияның мұнайын ұрлауда, ДАИШ зұлым, жабайы, қанішерлерді қажет күні далаға шығарып, елдердің ісіне араласуы үшін лагерьлерінде қорғап, ұстап отыр. Бірақ бәріміз бірігіп, Иран, Ирак, Сирия, Ливан, Сауд Арабиясы, Мысыр, Иордания және Парсы шығанағы елдері негізгі және жалпы мәселелерде біртұтас саясат ұстанатын болсақ, залым державалар олардың ішкі істеріне және сыртқы саясатына араласуға батылы бармайды және батылы да келмейді. Біз талай рет айтқанымыздай, біз ешкімді соғысқа, әскери әрекетке шақырмаймыз, сондай-ақ одан аулақ боламыз. Сондықтан, бірге болуға және бірігуге шақыру - американдық соғыстың алдын алу. Өйткені олар соғыстарды бастайды, аймақтағы барлық соғыстардың жат себептері бар",- деп мәлімдеді. Діни жетекші Ислам әлемінің барлық басшылары мен қайраткерлерінің өмірлік маңызды бірлік мәселесі және аймақтың басқа мәселесі, яғни сионистік режимнің жалғасып жатқан қылмыстары туралы ойлануын қажет деп тауып: "Бүгінде бұл режим тек Иран Ислам Республикасының ғана емес, оның айналасындағы Мысыр, Сирия, Ирак сияқты елдердің де өшпенділігіне толы",- деді.  Ислам революциясының жетекшісі бұл жеккөрушілік пен ашудың себебін елдердің әртүрлі уақытта олардың  Нілді Евфратқа дейін жобасын жүзеге асыруға кедергі болғанын атап: "Олар өшпенділік пен ашуға толы",- деп айтты. «Ашуланыңдар, осы ашудан өліңдер» деген Құран бойынша олар өліп жатыр, Алланың жәрдемімен басып алу режимі туралы бұл аят орындалып жатыр.

Ислам революциясының жетекшісі Палестина мәселесі мен бір халықты басып алу және үйлерінен қуу және олардың азаптауы мен өлтірілуін Ислам әлемінің соңғы бірнеше онжылдықтағы басты мәселесі деп атап: "Ислам республикасының нақты пікірі: сионистік режиммен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру құмар ойынын өз жұмыстарына үлгі етіп алған үкіметтер ұтылады, өйткені бұл режим жойылуда, олар жеңілген атқа бәс тігіп жатыр",- деп қуаттады. Аятолла Хаменеи Палестина жастары мен Палестинаның басып алу мен қысымға қарсы қозғалысын бұрынғыдан да тірі, жігерлі және дайындығы күштілеу деп: "Алла қаласа, бұл қозғалыс бір қорытындыға келеді. Құрметті имам басып алушы режимді қатерлі ісік деп сипаттаған. Бұл режим Палестина халқы мен бүкіл аймақтағы қарсыласу күштерінің қолымен жойылады",- деді.

 

Тегтер