Әли Аскари Иран Телерадио бірлестігінің жаңа басшысы болып тағайындалды
Ислам революциясының жетекшісі қаулы қабылдап, ИИР Телерадио бірлестігінің жаңа басшысын тағайындады.
Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, хазірет аятолла Хаменеи кеше, сәрсенбі күні Мұхаммад Сарафраздың отставкаға кету туралы өтінішін қабылдап, оның құнды революцияшыл талпынастарына алғыс айтып, Абдулали Әли Аскариді ИИР Телерадио бірлестігінің басшысы лауазымына тағайындады.
Ислам революциясының жетекшісі Әли Аскариге қатысты қаулыда бағдарлама жасау, макро стратегияларды сақтау, білікті революцияшыл кадрларды тарту, сақтау және тәрбиелеу, виртуалды ақпарат кеңістігінде әсерлі қызмет атқаруға талпыныс жасалуы қажеттігін баса айтты.
Ислам революциясының жетекшісі, сондай-ақ, Мұхаммад Сарафразды Виртуалды ақпарат кеңістігі жоғары кеңесінің мүшелігіне қабылдады.