Жетекші көзқарасы: "АҚШ-қа өлім!" жай ұран емес, бір стратегия
(last modified Thu, 02 Nov 2023 09:42:14 GMT )
Қар 02, 2023 15:42 Asia/Almaty
  • Жетекші көзқарасы:

Ислам революциясының жетекшісі елдің түкпір-түкпірінен келген мыңдаған оқушы және студенттермен кездесуінде х.ш.ж.с.б. 1358 жылы 13 абанда болған оқиғаны Иран халқының АҚШ-қа соққысы деп атады.

13 абан Оқушылар күні әрі Үстемшілдерге қарсы күрес күні қарсаңында Иранның түкпір-түкпірінен келген оқушылар мен студенттер аятолла Хаменеимен кездесті.  

Аятолла Хаменеи өз баяндамасының бір бөлігінде АҚШ-тың Иран халқына жауластығының себебін анықтап, саралауға кірісіп: "Америкалықтар және аңғалдықпен немесе басқа да себептермен олардың сөздерін қайталайтын адамдар АҚШ-тың Иранға жауласуы және оған қарсы қастандықтар ұйымдастыруы Теһранда осы елдің елшілігі басып алынғаннан кейін басталды дейді. Бірақ бұл – толығымен жалған уәж. Өйткені тарихи шындықтар көрсеткендей, АҚШ-тың Иран халқына жауластығы АҚШ елшілігі басып алынғаннан 26 жыл бұрын, яғни 1332 жылы 28 мордадта доктор Моссадықтың ұлттық үкіметіне қарсы төңкерістен басталды",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі сондай-ақ Теһрандағы АҚШ-тың елшілігінің құжаттарына сүйеніп: "Құжаттар бойынша АҚШ елшілігі Ислам революциясы жеңіске жеткен күннен бастап, яғни елшілік басып алынғаннан 10 ай бұрын тыңшылық, қастандық, төңкеріс, ішкі соғысты жобалау және революцияға қарсы ақпараттық құралдарды басқару орталығы болған. Сондықтан АҚШ-тың Иран халқына жауластығының басқа себебі бар",-деді.

Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі кезеңде АҚШ елшілігі студенттер басып алғанға дейін тыңшылық жүргізу және қастандықтар жобалау орталығы болды. Тыңшылық ұясынан қолға түскен құжаттар көрсеткендей, АҚШ елшілігі Иранда Ислам революциясының жеңіске жетуіне қарсы болған, шын мәнінде Ислам революциясына соққы беріп, ИИР жүйесін әлсірету үшін қастандықтар ұйымдастыратын орталық болған.

АҚШ кейін Ирактағы БААС режимін Иранға шабуыл жасауға итермелеп, оған жан-жақты қолдау көрсетіп, Иранға қарсы 8 жылдық соғыс жүргізілуіне себеп болды. Сондай-ақ соғыс кезінде бір америкалық әскери кеме Иранның территориялық суларына кіріп, бір жолаушы тасымалдаушы ұшақты атып, 290 бейбіт адамның қаза табуына себеп болды. АҚШ осы қылмысына ешқашан кешірім сұрамағаны былай тұрсын, кеменің қолбасшысын марапаттады.

АҚШ кейінгі жылдары Иранға қарсы  заңсыз санкциялар салып, лаңкестік әрекеттер жасады. Бірақ тарихи куәлер мен құжаттар көрсеткендей, Иран Ислам революциясы жеңіске жеткенге дейін де АҚШ-тың қастандығы мен жауластығының нысанасы болған. Иранның қазіргі заман тарихында имам Хомейнидің (р.) қудалануына шолу жасасақ, бұл қудаланудың имамның капитуляцияға және америкалық әскери кеңесшілердің иммунитетіне қарсы шығуы салдарынан орын алғанын көреміз.  1357 жылы 13 абанда бір топ оқушы Шах режиміне наразылық білдіру үшін Теһран университетіне барған кезде шәһид болды. Имам Хомейнидің (р.) айтуынша, АҚШ елшілігін басып алу халықтың үстемшілдер мен олардың қолшоқпарларына қарсы революциялық қозғалысының жалғасы саналады.

Ислам революциясының жетекшісі өз баяндамасының осы бөлігін қорытындылай келіп: "АҚШ-қа өлім!" жай ұран емес, бір стратегия. Ол 70 жылдан бері АҚШ-тың Иран халқына қарсы дұшпандығы салдарынан туындады",-деді.

Тегтер