Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: Газа сионистердің зиратына айналады
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: "Газа секторы жуырда сионистердің зиратына айналады",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, генерал-майор Хұсейн Салами бейсенбі күні Исфахан облысының шәһидтерін еске алу рәсімінде сионистердің сырттай мықты болып көрінетінін айтып: "Израиль режимі өлім алдындағы жануардай жынданып тулап жатыр",-деді.
Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: "Бүгінде палестиналық жастар қарсыласу майданында израильдік танктерге қарсы тұр. Сионистер танктермен сап түзеп палестиналық жастардың жүрегіне шабуыл жасап жатыр. Олар осы уақытқа дейін 180 бронды танк, яғни өз мүмкіндіктерінің 10 пайызынан айырылды",-деді.
Сардар Салами: "Палестина жеріндегі бейберекеттік, болашаққа қорқыныш пен белгісіздік салдарынан израильдіктердің қайта көшу процесі басталды. Бұл режим израильдіктердің өз қолымен құлайды",-деді.