Раиси: "Әл-Ақса дауылы" операциясы сионистік режим үшін репутациялық жеңіліс болды
Иран Президенті Палестина халқы мен Газа жастары жүргізген операцияны өз құқықтарын заңды түрде қорғаудың жалғасы деп атап: "7 қазанда болған "Әл-Ақса дауылы" операциясындағы жеңіліс сионистік режим үшін репутациялық жеңіліс болды",-деді.
Иран Президенті сәрсенбі күні бұрын-соңғы болмаған шарада бір сағат бойы Ливанның Al-Minar арнасы, Ирактың Aletejah арнасы, Палестинаның "әл-Яум" және "әл-Ақса" арналары және Йеменнің Al-Masirah арнасы тілшілерінің сұрақтарына жауап берді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси осы сұхбатта "Әл-Ақса дауылы" операциясының дұшпан үшін таралым аумағы мен шығынның ауқымы тұрғысынан маңызды болғанын айтып: "Сионистік режимнің айбаты қайтты. "Әл-Ақса дауылы" операциясы дұшпанның барлық есебін бұзды",-деді.
Ибрахим Раиси: "Әл-Ақса дауылы" операциясы сионистік режимнің әскери-қауіпсіздік және барлау саласындағы жеңілісі болды",-деді.
Иран Президенті әйелдер мен балалардың өлтірілуі әлемде сионистерге қарсы бұрын-соңғы болмаған жиреніш кеңістігін тудырғанын айтып: "Израиль Газаны басып алуда және қарсыласу күштерін жоюда ешбір мақсатына жете алмады",-деді.
Раиси Палестинада бұрын болған оқиғаларды ескермей 7 қазан операциясын талдаудың қате болатынын, үздіксіз зұлымдықтарға палестиналықтардың төзімі таусылғанын айтып: "Сионистік режимнің әл-Ақса мешітіне құрметсіздік көрсетуі және халықты қырып-жоюы осы операцияның жүзеге асырылуының себебі болды",-деді.