Амирабдуллахиан сионистердің Газаға жасаған шабуылдарын дереу тоқтатуды талап етті
Иран Сыртқы істер министрі сионистік режимнің Газа секторына шабуылдарын дереу тоқтатуды қуаттап, былай деді: "Тұтқындар соғыс арқылы азат етілмейді, бірақ бомбалау кезінде қаза болады".
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амирабдуллахиан әлеуметтік желіде: «Атысты тоқтату бітімін жалғастыру және Газаға кең көлемде гуманитарлық көмек жіберу және екі жақтың тұтқындарын алмасу туралы келісімнен басқа шешім жоқ»,- деп жазды. Ол Вашингтон мен Тель-Авивтің соғысты жалғастыруын Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы жаңа геноцид деп санап: "Соғысқа қайта оралу сионистік режим үшін ауыр зардап әкеледі",- деп мәлімдеді. Иранның дипломатиялық қызметінің басшысы сионистерге: "Газаға жасалған шабуылдарды кеш болмай тұрып дереу тоқтатыңдар",- деп ескерту жасады.
Сионистік режим мен ХАМАС Катардың арағайындығымен 4 күндік бітімге келісті және бұл бітім шамамен 50 күндік соғыстан кейін өткен жұмада басталып, екі рет екі күн және бір күнге ұзартылды. Бұл келісімнің негізгі бағыты тұтқындарды алмасу және Газаға гуманитарлық көмек жіберу болды. Бүгін сионистік режим атысты тоқтату бітімін бұзу арқылы Газаға қарсы жаңа шабуылдар кезеңін бастады.