Газаға шұғыл гуманитарлық көмек жіберу туралы қарарға Иран реакция білдірді
(last modified Sat, 23 Dec 2023 13:13:45 GMT )
Жел 23, 2023 19:13 Asia/Almaty
  •  Газаға шұғыл гуманитарлық көмек жіберу туралы қарарға Иран  реакция білдірді

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Қауіпсіздік кеңесінің No2720 қарарын бекітуді, соның ішінде Газаға шұғыл гуманитарлық көмек жіберуді оң, бірақ жеткіліксіз қадам деп бағалады.

 

ISNA агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани: "Сионистік режимнің Газа секторының қорғансыз халқына қарсы 77 күндік шабуылдарынан кейін АҚШ үкіметінің Қауіпсіздік кеңесінде соғысты тоқтату және сионистік режимнің соғыс қылмыстарын және Газадағы геноцид тоқтату туралы міндетті қарардың қабылдануына тосқауыл қоюы өте өкінішті. 77 күн қазіргі заманғы тарихта бұрын-соңды болмаған әскери қылмыстарға ұшыраған және олардың тұрғын үйлерінің 60%-дан астамы, қалалық және сервистік инфрақұрылымы қираған халыққа бүгінде сионистік режимнің адамдарға қарсы бомбалаулары мен әскери шабуылдары жалғасып жатқан жағдайда тиімді гуманитарлық көмек жіберу іс жүзінде мүмкін емес. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының осы қарар бекітілгеннен кейінгі мәлімдемелері де осы ащы шындықты көрсетеді",- деді.