Амирабдуллахиан: Иранның әскери кеңесшілерінің қызметі жалғасады
(last modified Sun, 21 Jan 2024 13:21:37 GMT )
Қаң 21, 2024 19:21 Asia/Almaty
  • Амирабдуллахиан: Иранның әскери кеңесшілерінің қызметі жалғасады

ИИР Сыртқы істер министрі сионистік режимнің Иранның әскери кеңесшілерін өлтіруіне реакция білдіріп, бұл режимді лаңкестік қозғалыстардың басты сыбайласы және аймақтың бірінші дәрежелі дұшпаны деп атады.

 

20 қаңтар, сенбі күні сионистік режим жауынгерлерінің Дамасктің әл-Мезех тұрғын ауданында жасаған әуе шабуылынан Сақшылар корпусының төрт әскери кеңесшісі шәһид болды. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы бұл әрекетін қатаң айыптап, Иранның сионистік режимнің ұйымдасқан лаңкестік әрекетіне тиісті уақыт пен жерде жауап қайтару құқығын сақтайтынын жарияланды. Иранның дипломатиялық қызметінің басшысы осы лаңкестік әрекетте шәһид болғандардың рухына тағзым ете отырып, сионистердің Газа халқының еркіне қарсы сәтсіздіктерін мұндай қорқақ лаңкестік әрекеттермен қайтара алмайтынын айтты.