Иран мен Еуроодақ арасындағы сауда айналымы 4 миллиард 200 миллион еуродан асты
Қаң 27, 2024 17:53 Asia/Almaty
2023 жылдың 11 айында Иран мен Еуропалық Одақ арасындағы коммерциялық алмасу 4 миллиард 200 миллион еуродан астамға жетті.
Еуропалық статистика орталығы (Еуростат) бұл сома өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға азайғанын хабарлады. Өткен жылдың 11 айында Еуропалық Одақ елдерінен елімізге әкелінген тауардың үлесі шамамен 3,5 миллиард еуроны құрады. Осы аралықта біздің елге тауар экспортының ең көп үлесін Германия иеленді. Осы кезеңде Иран Еуропалық Одаққа 730 миллион еуро тауар экспорттаған.
Тегтер