Иран Адмиралы: Флот-86 Иранның әлемдегі теңіз державаларының бірі ретіндегі позициясын бекітті   
(last modified Sat, 17 Feb 2024 12:38:07 GMT )
Ақп 17, 2024 18:38 Asia/Almaty
  • Иран Адмиралы: Флот-86 Иранның әлемдегі теңіз державаларының бірі ретіндегі позициясын бекітті   

ИИР Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Флот-86 Иранның Батыс Азия мен Ислам әлемінің теңіз күштерінің бірі ретіндегі ұстанымын бекіткенін айтты.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, адмирал Шахрам Ирани сенбі күні Иран Ислам Республикасы Әскери-теңіз күштерінің Флот-86 жетістіктеріне байланысты конференциясында: «ИИР билігінің бетбұрыс кезеңі Флот-86 миссиясын сәтті аяқтау болды. Күтілетін барлық қауіптерге қарамастан, армия флоты міндетін атқарып, аман-есен отанына оралды. Флотилия Америка жағалауында ИИР туын желбіреткен кезде, батыс тараптарының 90 пайызы өз хабарламаларында осы флотилия үшін қайық сөзін пайдаланды. Өйткені, олардың көзқарасы бойынша, исламдық Иранның мұндай қабілеті болмаған және жоқ",- деп мәлімдеді.