Қорғаныс кемесі Сақшылар корпусының теңіз күштеріне қосылды
https://itolqyn.com/news/iran-i75964
ИИР Қарулы күштері бас штабының басшысы бүгін шәһид Сайяд Ширази мен шәһид Хасан Бағери атындағы екі кемені Сақшылар корпусының теңіз күштеріне қосуға бұйрық берді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 19, 2024 22:13 Asia/Almaty
  • Қорғаныс кемесі Сақшылар корпусының теңіз күштеріне қосылды

ИИР Қарулы күштері бас штабының басшысы бүгін шәһид Сайяд Ширази мен шәһид Хасан Бағери атындағы екі кемені Сақшылар корпусының теңіз күштеріне қосуға бұйрық берді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ИИР Қарулы күштері бас штабының басшысы генерал-майор Мұхаммед Бағери дүйсенбі күні таңертең шәһид Сайяд Ширази мен шәһид Хасан Бағери атындағы екі кемені Сақшылар корпусының теңіз күштеріне қосу рәсімінде аймақтың жағдайы сезімтал әрі қауіпті екенін айтып: "Газа соғысы – үлкен оқиға. Аймақ қана емес, әлем үшін де жаңа тарих қалыптастырып жатыр. Бұл соғыстың аяғы мәлім. Израиль қоршаудағы Газа халқынан ойсырай жеңіледі",-деді.