Ақп 21, 2024 17:03 Asia/Almaty
  • Хазірет Әлиакбардың (ғ.с.) туған күні және Жастар күнімен құттықтаймыз!

Бүгін (сәрсенбі), хижра-қамаридің 1445 жылы шағбан айының 11-і (21 ақпан 2024) дүние жүзіндегі шиіттердің үшінші имамы имам Хұсейннің (ғ.с.) ұлы хазірет Әлиакбардың (ғ.с.) дүниеге келген күні.

 

Хазірет Әлиакбар (ғ.с.) хижраның 33-ші жылы шағбан айының 11-інде Мәдинада дүниеге келген. Оның әкесі имам Хұсейн (ғ.с.), шиіттердің әлемдегі үшінші имамы, ал анасының аты  Ләйли бинт Әби Марра.

Имам Хұсейн (ғ.с.)  хазірет Әлиакбарды жаратылысы, ахлақ-рухани қасиеттері, сөйлеу және қоғамдық мінез-құлықтары жағынан ардақты Пайғамбарға (с.ғ.с.) ең ұқсас адамдар ретінде таныстырды.

Хазірет Әлиакбар хижра-қамаридің 61 жылы мұхаррам айының 10-ы - Ашура  күні ардақты әкесі және адал серіктерімен бірге шәһид болып, Кербалада имам Хұсейннің (ғ.с.) жанына жерленді.

Хазірет Әлиакбардың (ғ.с.) туған күні Иран Ислам Республикасының күнтізбесінде "Жастар күні" деп аталады.

 

 

 

 

Тегтер