Иран Кеден басқармасы: Биылғы 11 айда Иран арқылы тауар транзиті 35 пайызға өсті
Ақп 22, 2024 18:41 Asia/Almaty
Иран Кеден басқармасының хабарлауынша, биылғы 11 айда (2023 жылғы наурыз – 2024 жылғы қаңтар) Иран арқылы шетелдік тауар транзиті былтырғы осындай мерзіммен салыстырғанда 35 пайызға өсті.
Осы аралықта 16 122 000 тонна тауар тасымалданған.
Иран Кеден басқармасының хабарлауынша, биылғы 11 айда ең көп транзит Бандар-Аббастың "шәһид Раджаи" арнайы аймағындағы кеден бөлімшесінде тіркелген. Онда 4 754 000 тонна тауар транзиттелген. Бұл былтырғы осындай мерзіммен салыстырғанда 9 пайызға артық.
Тегтер