Ақп 28, 2024 18:52 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Германиядан адам құқықтарын қорғауда өз талаптарын дәлелдеу үшін Газадағы геноцид фактілерін анықтау комитетін құруды сұрады

Германия Сыртқы істер министрі Аналена Баербок Женева отырысында Ирандағы адам құқығының бұзылғанын алға тартып, БҰҰ-ның осыған байланысты фактілерді анықтау топтың миссиясын ұзартуды талап етті.

 

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Канани Германия Сыртқы істер министрінің айыптауын Палестинада басып алуды қолдауды және адам құқықтарының өрескел бұзылуына немқұрайлылықпен қарауды жасыру әрекеті деп санады. Канани: «Германия адам құқығын қорғаймыз деген желеумен елдердің ішкі істеріне араласып, сонымен бірге қару-жарақ зауыттарының жұмысын жандандырып, экономикасын көтереді»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «Саддам режимін химиялық қарумен қамту және Газадағы геноцидке қолдау көрсету тарихы бар кейбір Батыс үкіметтерінің адам құқықтарын қорғаймыз деп мәлімдегені ащы ирония»,- деп сөзін жалғастырды.

 

 

 

 

Тегтер