Нау 04, 2024 19:59 Asia/Almaty
  • Иран Оңтүстік полюске қалай барады?

Ресей Премьер-министрінің орынбасарының Теһранға сапары және ирандық қайраткерлермен кеңесуі екі елдің Теһранның Оңтүстік полюске кіруі саласында маңызды ынтымақтастықты бастағанын көрсетеді.

Ресей мәселелері бойынша сарапшы Рухолла Модабер Иранның Антарктидаға кіруге ниетті екенін және Антарктикадағы ең үлкен орталықтың Ресейге тиесілі екенін ескере отырып, Мәскеу мен Теһран бұл салада маңызды ынтымақтастықты дамытып жатқанын айтты.

Оның айтуынша, батыстықтар Теһран-Мәскеу стратегиялық ынтымақтастығының артып келе жатқаны үшін алаңдап отыр және олар бұл мәселенің екі жақтың мүмкіндіктерін арттыруда маңызды рөл атқаратынын және Иранның тежеу ​​қабілетін арттыратынын біледі. Бұл мәселенің маңызды аспектілерінің бірі – санкциялардың тиімсіздігі.

Иран Әскери-теңіз күштерінің 86-флоты

Ресей мәселелері бойынша сарапшы Иранның Антарктидада болуы үлкен инвестицияны қажет ететініне тоқталып: "Осы мәселені ескере отырып, Теһран мен Мәскеудің ынтымақтастығымен Иран өз қызметін ілгерілету үшін алғашқы қадамда Ресейдің Антарктидадағы нысандарын пайдалана алады. Айта кететін жәйт, бұл аймақтағы қатысудың әртүрлі өлшемдері бар және Иран Оңтүстік полюстегі болуымен бұл жағынан әлемнің ең жоғары державаларының қатарына кіреді",- деді.

Модабер батыстықтардың Иран мен Ресей арасындағы бұл келісімдеріне алаңдаушылық білдірулеріне назар аудартып: " Қорғаныс ынтымақтастығынан басқа екіжақты транзиттік қатынастар бар, оның ең маңызды бөлігі Солтүстік-Оңтүстік дәлізі болып табылады. Айта кету керек, Иран мен Ресейдің транзиттік ынтымақтастығы өзінің геосаяси маңыздылығымен қатар екі жаққа да үлкен пайда әкеліп, аймақтық ынтымақтастықтың күшеюіне алып келеді.

Ресей мәселелері бойынша сарапшы Рухолла Модабер

Еске салайық, Ресей вице-премьері Александр Новак 28 ақпанда Теһранға барып, ирандық ресми тұлғалармен кездесіп, сөйлескен болатын.

Мұндай жағдайда кейбір сарапшылар Ресей Премьер-министрінің орынбасары Александр Новактың  Теһранға сапарын да осы тұрғыда бағалау керек деп санайды.

 

 

 

 

 

Тегтер