Иран армиясы мен Сақшылар корпусының бас қолбасшыларына "Фатх" белгісі табыс етілді
https://itolqyn.com/news/iran-i76412-Иран_армиясы_мен_Сақшылар_корпусының_бас_қолбасшыларына_Фатх_белгісі_табыс_етілді
Бүкіл күштердің бас қолбасшысы аятолла Хаменеи Иран армиясының бас қолбасшысы генерал-майор сейіт Абдулрахим Мусави мен Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал-майор Хұсейн Саламиге "Фатх" (Жеңіс) белгісін табыс етті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 11, 2024 21:30 Asia/Almaty
  • Иран армиясы мен Сақшылар корпусының бас қолбасшыларына

Бүкіл күштердің бас қолбасшысы аятолла Хаменеи Иран армиясының бас қолбасшысы генерал-майор сейіт Абдулрахим Мусави мен Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал-майор Хұсейн Саламиге "Фатх" (Жеңіс) белгісін табыс етті.

Бұл белгі Иран армиясы мен Сақшылар корпусының қолбасшыларына қарулы күштердің жауынгерлік, қорғаныс және тежегіш қуатын арттыру жолындағы еңбектері үшін берілді.

"Фатх" (Жеңіс) белгісі ислам жауынгерлерінің жемісті операцияларының символы ретінде бекітілген. Белгіде пальма ағашының үш жапырағы, Хоррамшахр қаласының орталық мешітінің күмбезі мен ИИР туының суреті салынған.