Алланың рақымымен қарсылық сионистерді жеңеді
(last modified Wed, 13 Mar 2024 11:29:12 GMT )
Нау 13, 2024 17:29 Asia/Almaty
  • Алланың рақымымен қарсылық сионистерді жеңеді

Қасиетті Рамазан айының бірінші күні Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің қатысуымен имам Хомейнидің (р.а.) Хосейниясында «Құранға жақындау» басқосу өтті.

 

Ислам революция жетекшісі осы рәсімде сөйлеген сөзінде Құран оқуды «қасиетті өнер» деп атап: «Бұл аса құнды еңбектің негізгі мақсаты – Құранның мәні мен жолдауын халыққа, қоғамға жеткізу және Құран Кәрімде ой қозғауға негіз жасау болуы керек",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі Газадан келіп түскен суреттер   мен Газадағы жастардың Құран оқуына тоқталып: «Қазір Газада көріп отырған төзімділіктің шыңы Құранды түсініп, оған амал етудің жемісі»,- деп айтты.

Рамазан айының бірінші күні аятолла Хаменеидің қатысуымен «Құранға жақындау» басқосу өтті

Аятолла Хаменеи Газадағы жағдайды екі өлшемнен «шың» деп сипаттап: «Бүгін Газада бір жағынан қылмыстың, қатыгездіктің және зұлымдықтың шарықтау шегіне куә болып отырмыз, ал екінші жағынан табандылық пен төзімділіктің шыңы да байқалады",- деп сөзін жалғады.  Ол Газадағы бұрын-соңды болмаған қылмыстарды, мысалы, аштықпен балалар мен сәбилерді өлтіруді Батыс өркениетінің арсыздығы деп атап: "Сионистердің АҚШ пен Батыс елдерінен барлық қару-жарақ пен көмекке ие болғанымен, бірақ Газа халқының теңдесі жоқ шыдамдылығымен және қарсыласушылардың табандылығымен дұшпан ешқандай қателік жасай алмады және қарсыласу құралдары мен мүмкіндіктерінің тоқсан пайызға жуығы сақталған",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі былай деп баса айтты: "Қарсыласу Алланың   рақымымен сионистерді  жеңеді".

Аятолла Хаменеи Газа халқына көмектесуді ислам әлемінің діни борышы деп біліп: "Сионистік дұшпанға кез келген көмек сөзсіз харам және нағыз қылмыс, өкінішке орай, кейбір үкіметтер мен исламдық елдер мұны істейді, бірақ олар бір күні өкініп, Алла қаласа, бұл сатқындық үшін жазаланады",- деп мәлімдеді.

Бір топ ирандық жасөспірімдердің  үйлесімділігі