Ирандық зерттеушілер обыр ісігін емдеу үшін жаңа формула тапты
Ирандық зерттеушілер обыр ісігін емдеу үшін жаңа нано формула тауып, зертханалық тышқандарға сынап көрді.
Иранның солтүстік-шығысындағы Мешхед медицина университетінің фармацевтика факультетінің ғылыми кеңесінің мүшесі Махмұтреза Джафари зертханада ісігі бар тышқандардың іші мен сыртына әсер ететін пегилирленген доксорубицин нанолипосомасынан тұратын формула дайындап шығарды.
Махмұтреза Джафари жаңа формула туралы ісік тамырлары мен жасушаларына химиотерапия жасауда ісік нәр алатын көз бен оттегін жеткізетін каналды жабу арқылы бүлінген жасушаларды жоюға көмектесетінін айтып: "Доксорубицин (Dox) ісікке қарсы белсенділіктің кең спектріне ие. Ол сүт безі мен өкпенің қатерлі ісігі сияқты ауруларды емдеуде қолданылады",-деді.