Ислам революциясының жетекшісі:  Парсы поэзиясы – медиа соғыс дәуіріндегі сирек және қуатты құрал
(last modified Tue, 26 Mar 2024 12:59:40 GMT )
Нау 26, 2024 18:59 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі:  Парсы поэзиясы – медиа соғыс дәуіріндегі сирек және қуатты құрал

Ислам революциясының жетекшісі дүйсенбі күні кешке бір топ ақындар мен парсы мәдениеті мен әдебиетінің өкілдерімен кездесуінде парсы поэзиясын медиа соғысы дәуіріндегі сирек және қуатты ақпарат құрал деп атады.

 

Бұл кездесуде аятолла Хаменеи парсы поэзиясының үздіксіз ілгерілеуі мен шыңына жетуіне ризалығын білдіріп, поэзияны медиа соғысы дәуіріндегі маңызды әрі ықпалды орта деп, бұл салада парсы поэзиясы мен әдебиетінің қайталанбас мұрасын қуатты, әсерлі және ішке енетін орта ретінде барынша тиімді пайдаланып, дін, өркениет, ирандық, қарсыласу мен батылдық туралы хабарларды әлемнің халық пікіріне жеткізу керектігін баса айтты.

Парсы мәдениеті мен әдебиетінің ақындары мен өкілдерінің басқосуы

 

Ислам революциясының жетекшісі: "Әрине, поэзия ортасының әсерлі болуының шарты оның көркемдік қасиеті болса, көркемдік болмысы мықты да берік сөзге, тақырып табуына, тақырыпты жеткізу сапасына байланысты",- деді. Аятолла Хаменеи қолайлы әрі пайдалы хабар таңдауды поэзияның әсерлілігі мен тұрақтылығының тағы бір шарты деп біліп: "Поэзия ортасы дін мен имандылық, өркениет және ираншылдық хабарын жеткізуі керек",- деп айтты. Ол Иран халқының жаһандық залымдар мен оның көріністері, яғни АҚШ пен сионистердің зұлымдығы мен ысырапшылдығына қарсы ержүрек ұстанымы туралы жолдауды  басқалармен бөлісетін деп тауып: "Иран халқының тік тұрып, өз ұстанымдарын үстемшілерге  қарамай, ашық білдіруі әлем халқы үшін өте маңызды әрі қызықты. Бұл ұстанымдарды ел қайраткерлерінің шетелдік сапарларында және олардың қоғамдық жиындарда сөйлеген сөздерінде қарсы алу мысалдары болды",- деп мәлімдеді. Ол сөзігің жалғасында ақындар мен парсы поэзиясы мен әдебиетімен айналысатындарға біраз кеңестер беріп, бірінші парсы тіліндегі жақсы және күшті өлеңдерді басқа тілдерге аударудың әлсіздігіне тоқталып: "Жақсы поэзия дүние жүзінің қоғамдық пікіріне енуі керек".

Ирандық ақын әйелдер тобы

Сондықтан поэтикалық, мәнерлі, күшті прозасы бар өлеңдер басқаларға қолжетімді болатындай аударма қозғалысы жасалуы керек, бұл маңызды да қиын міндет, үкімет жұмысы". Аятолла Хаменеидің тағы екі ұсынысы халықтың әдеби жадын күшейту және жастардың санасын өлеңдерді  дұрыс қолдануға шығармашылыққа баулу және көрнекті ақындардың поэтикалық шығармаларын оқып, үйренуге баса мән беру болды. Аятолла Хаменеи: " Бұл шабуылға қарама-қарсы парсы тіліндегі баламалы сөздерді қолдану керек, олар кейде әлдеқайда әдемірек, қолдану оңайырақ және шет сөздерді азайту арқылы парсы тілінің тазалығын арттыру керек",- деп айтты. 

Осы басқосудың басында бір топ ақын революциясы жетекшісіне кітап болып басылған өлеңдерін таныстырды. Осы кездесуде оқылған өлеңдер арасында имам Хасан Моджтаба (ғ.с.) мен имам Заманды (ғ.с.) сипаттайтын, Газа тұрғындарына, әсіресе әйелдер мен балаларға жасалған қысымды сипаттайтын,  әкелер мен аналарды мадақтау, сондай-ақ кейбір саяси-әлеуметтік мәселелерге қатысты өлеңдер болды.

Осы отырыстың басында Ислам революциясы жетекшісінің басшылығымен шам және құптан намаздары оқылды.