Израиль Дамасктағы Иранның бас консулдығына шабуыл жасап, 7 ирандық әскери қызметкерді шәһид етті
(last modified Tue, 02 Apr 2024 11:13:18 GMT )
Сәу 02, 2024 17:13 Asia/Almaty
  • Израиль Дамасктағы Иранның бас консулдығына шабуыл жасап, 7 ирандық әскери қызметкерді шәһид етті

Ислам революциясының Сақшылар корпусы дүйсенбі күні мәлімдеме жасап, Израильдің Дамасктағы Иранның бас консулдығына зымыранмен шабуыл жасап, аймақтың қауіпсіздігін қорғап жүрген 7 ирандық әскери қызметкерді шәһид еткенін хабарлады.

Сақшылар корпусы өз мәлімдемесінде осы лаңкестік қылмысты айыптап, Ислам революциясының жетекшісі әрі Бүкіл күштердің бас қолбасшысы аятолла Хаменеиге әскери қызметкерлердің шәһид болуына орай көңіл айтып: "Сионистік режим қырғи ұшақтарының Дамасктағы Иран бас консулдығына зымырандық шабуылында Сириядағы қасиетті кесенелерді қорғаушылар әрі әскери кеңесшілер бригада генералы Мұхаммедреза Заһеди мен бригада генералы Мұхаммедхади Хаджи Рахими және 5 офицер қаза тапты",-деді.

Image Caption

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Насер Канани дүйсенбі күні кешке Израильдің Дамасктағы Иран бас консулдығына шабуылына реакциясында: "Теһран басқыншыны жазалау түрі туралы шешім қабылдайды",-деп мәлімдеді.

Осы лаңкестік шабуылдан кейін Сирия Сыртқы істер министрі Фейсал Микдад та Дамасктағы Иран елшілігіне барып, Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахианмен телефон арқылы сұхбаттасты.  

Сирия Сыртқы істер министрі осы сұхбатта Израильдің Дамасктағы Иран бас консулдығына шабуылын "халықаралық заңдарды, әсіресе 1961 жылғы Вена дипломатиялық қатынастар конвенциясын ашық түрде бұзу" деп атады.

Амир Абдуллахиан да телефон арқылы сұхбатта осы лаңкестік шабуылды айыптап: "Сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Газада жеңіліске ұшырағаннан кейін психикалық тепе-теңдігінен айырылды",-деді.

Image Caption

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бүгін, сейсенбі сионистік режимнің Сириядағы Иран елшілігі ғимаратына әуеден жасаған шабуылын талқылау үшін төтенше отырыс өткізеді.

Бұған дейін БҰҰ-дағы Иран өкілі Қауіпсіздік кеңесінің төтенше отырысын өткізуді сұрап: "Халықаралық заңдар мен БҰҰ жарғысына сәйкес Иранның осындай лаңкестік әрекеттерге кесімді түрде жауап беруге заңды құқығы бар",-деген болатын.

Осы уақытқа дейін Сирия, Ресей, Сауд Арабиясы, Катар, БАӘ, Йемен, Кувейт және Пәкістан елдері осы лаңкестік әрекетті айыптады.

Бүгін таңертең сондай-ақ Теһрандағы Швецария елшісінің міндетін атқарушы  АҚШ-тың Ирандағы мүдделерін қорғаушы ретінде Иран Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды.   

Иран Сыртқы істер министрінің мәлімдеуінше, осы шақыртуда Теһрандағы Швецария елшісіне Израильдің лаңкестік шабуылы мен қылмысының көлемі түсіндіріліп, АҚШ үкіметінің жауапкершілігі баса айтылды.

Амир Абдуллахиан "Х" әлеуметтік желісінде осы шақыртуда сионистік режимнің демеушісі ретіндегі АҚШ үкіметіне маңызды жолдау жіберілгенін, АҚШ-тың жауап беруі керегін айтты.

Сионистік режим соңғы жылдарда АҚШ-тың қолдауымен Сирияның түрлі аудандарына сан рет шабуыл жасады. Сионистік режим 2023 жылы 7 қазанда Газа секторында жаңа қылмыстар легін бастағалы бері бұл шабуылдар жиілей түсті.

Иранның кейбір әскери күштері Сақшылар корпусының Құдс күштері құрамында Батыс Азия аймағының қауіпсіздігін сақтауға көмектесу, әскери кеңес беру, Сирия қарулы күштеріне лаңкестік топтар, әсіресе ДАИШ лаңкестік тобымен күресуге көмектесу мақсатында Сирия үкіметінің ресми шақыруымен осы елде орналасқан.