Сәу 02, 2024 19:26 Asia/Almaty
  • Имам Хаменеидің жолдауы: Израиль бұл қылмысына өкінетін болады

Ислам революциясының жетекшісі бүгін, сәрсенбі сионистік режимнің Дамасктағы Иран елшілігіне шабуылынан сардар Мұхаммедреза Захеди мен бір топ жауынгердің шәһид болуына орай жасаған мәлімдемесінде: "Иранның ержүрек ерлері узурпатор сионистік режимді осындай қылмыс жасағанына өкіндіреді",-деді.

Имам Хаменеи жолдауының мәтіні төмендегідей:

Аса қамқор әрі ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Исламның жанқияр сардары генерал-майор Мұхаммедреза Захеди майдандас сардар Мұхаммедхади Хадж Рахими және бірнеше жауынгермен бірге узурпатор сионистік режимнің қолынан шәһид болды. Осы оқиғада қаза болғандарға Алланың рақымы болсын! Сионистік режимнің басқыншы әрі залым басшыларына лағынет! Шәһидтеріміз мейірімді Алла тағаладан ұзақ мерзімді күрестерінің қабыл болғанының белгісін алып, қазір әулиелер мен бітімгерлердің ортасында.

Сардар Захеди 1360 жылдардан бері қатерлі күрес майданында шәһид болуды күтіп жүрген еді. Олар ештеңе жоғалтқан жоқ, өз сыйлықтарын алды. Бірақ Иран халқы үшін, әсіресе оларды танитын адамдар үшін олардан айырылу ауыр тиіп отыр.

Зұлым режим біздің ержүрек ерлеріміз тарапынан жазаланады. Алланың қалауымен оларды өз қылмыстарына өкінетіндей қыламыз.

Уассалам әла Ибадулла әс-Сахин!

Сейіт Әли Хаменеи

Тегтер