Сәу 04, 2024 19:03 Asia/Almaty
  • Лаңкестер Иранның оңтүстік-шығысындағы екі әскери пунктіне шабуыл жасады

Иран үкіметі "Джейш ул-Әдл" лаңкестік тобы басшыларының бірі Салахеддин Фаруғиды (Абдулхамид Моллазаде) ДАИШ лаңкестік тобының басшылары сияқты Моссадтың лаңкестік саясатын ілгерілетуші деп санайды.

Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан мен Белуджистан облысы әкімінің тәртіп және қауіпсіздік істері жөніндегі орынбасары Әлиреза Мархамати сәрсенбі күні кешке Иранда "Джейш әл-зұлым" лаңкестік тобы деп танылған "Джейш ул-Әдл" лаңкестік тобы мүшелерінің Раск пен Чабаһар аудандарындағы екі әскери  пунктіне шабуыл жасағанын хабарлады.

"Джейш ул-Әдл" лаңкестік тобы сәрсенбі күні кешке бір мезгілде әрекет етіп, Сақшылар корпусының Раск пен Чабаһар аудандарындағы екі әскери  пунктін басып алуға тырысты. Иран қауіпсіздік күштерінің талпынысы арқасында бұл лаңкестік топтың жоспары алғашқы сағатта-ақ сәтсіздікке ұшырады.  

Иранның қауіпсіздік күштері осы күнге дейін 16 лаңкестің көзін жойды.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы сардар Мұхаммед Пакпурдың айтуынша, лаңкестердің адам шығыны 18-ге жетуі мүмкін.  

"Джейш ул-Әдл" лаңкестік тобының шабуылында Иранның 11 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты.

Қазіргі таңда Раск пен Чабаһар аудандарында қауіпсіздік жағдайы тұрақты.

"Джейш ул-Әдл" лаңкестік тобы тәкфирлік және салафиттік идеологияға сүйеніп, Сириядағы лаңкестік және тәкфирлік топтарды қолдаушылардың бірі болып табылады.  

Сионистік режимге бағынатыны қауіпсіздік есептерінде сан рет жарияланған "Джейш ул-Әдл" лаңкестік тобы осы уақытқа дейін Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан мен Белуджистан облысында болған бірнеше кісі өлтіру мен террор жасау фактісі және лаңкестік шабуылдар, соның ішінде Захедандағы лаңкестік шабуылға жауапкершілікті өз мойнына алды.  

 

 

Тегтер