Имам Хаменеи 3000 ирандық студентпен кездесті: Студенттер талапшыл болуы тиіс
(last modified Mon, 08 Apr 2024 14:21:51 GMT )
Сәу 08, 2024 20:21 Asia/Almaty
  • Имам Хаменеи 3000 ирандық студентпен кездесті: Студенттер талапшыл болуы тиіс

Ислам революциясының жетекшісі жексенбі күні Рамазан айындағы жыл сайынғы үрдіс бойынша Иранның саяси-әлеуметтік, мәдени, ғылыми-университеттік құрылымдарының өкілдері және 3 мыңға жуық студентпен кездесіп, 2,5 сағат әңгімелесті.

Кездесудің басында студенттік ұйымдардың бірнеше өкілі Иран мен әлемнің мәселелеріне қатысты ойларын ортаға салып, сыни пікірлер білдіріп, ұсыныстарын жеткізді. Содан кейін Ислам революциясының жетекшісі өз баяндамасын жасады.  

Имам Хаменеи өз сөзінде қасиетті Рамазан айына тоқталып, осы айда қол жеткізген рухани нұр мен тазалықты сақтау үшін басты шешім жолын күнәдан тыйылу деп атады.  

Ислам революциясының жетекшісі кейбір істерді істеудің себебін оның күнә екенін білмеу деп атап: "Әлеуметтік желілерде алдын ала тексермей, нақтыламай пікір жазу және сөз сөйлеу – ғапылдықтан күнә жасаудың үлгісі. Адам міндетті түрде Құдайдың алдында жауап береді",-деді.

Имам Хаменеи: "Әрине ешбір жағдайда консерватор болыңдар, сын айтпаңдар, шағымданбаңдар деп кеңес бермеймін. Бірақ кез келген сөзіміз бен ісімізге аса ыждаһаттылықпен қарайық",-деді.

Имам Хаменеи қоғам мен елдегі кемшіліктердің студенттердің осы кездесуде айтқанынан әлдеқайда көп екенін айтып: "Студенттің басты жұмысы – сабақ оқу. Бірақ сонымен қатар халық пен қоғамды бақылап, қиыншылықтардың шешім жолын ұсыну да студенттердің міндеті",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі жемқор, сатқын әрі тәуелді Пехлеви режимі кезіндегі жағдайды баяндап: "Ол кезде Иран деген ұлы елді жемқорлықтың түр-түріне шалдыққан жанұя басқарды. Қоғам абсолютті деспотизммен басқарылды. Қазіргіге керісінше халық мемлекеттік істерге араласа алмады, мүлде есепке алынбады",-деді.

Бөгделерге мойынұсынған саяси қолшоқпарлар халыққа зорлық-зомбылық көрсетумен қоса, Батыс мәдениетінің қалдықтарын жеп, әлеуметтік топтар арасында алшақтықты арттырып, әділеттіктің мәнін кетіріп, шектен тыс кемсітушілік жасап, барлық жауапты басшылар мен сарай маңындағылар жемқорлыққа белшесінен батты. Аятолла Хаменеи революцияға дейінгі жағдай деп осының бәрін атап өтті.

Аятолла Хаменеи күрестердің дамыған түрін діни үлемдердің қолдауымен және құрметті имамның жетекшілігімен халықтың залым режимге қарсы күресі деп атап: "Имам халықты бір ұлттық және діни қозғалыс аясында мобилизациялады. Революция осылай туындады. Бұл – Иран халқының тарихи төлқұжаты",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі: "ИИР-дың арман-мұраты екі тақырыпқа сыяды: елді ислами тәсілмен басқару және әлем халықтарына жақсы ел басқару үлгісін ұсыну. Сендер, студенттер революцияға берік сарапшылармен байланыста және идеологиялық зерттеу жиналыстарында осы екі мақсатты орындауға жаңа шешім жолдарын ұсынуға талпынуларың керек",-деді.

Аятолла Хаменеи қоғамдық әл-ауқат, физикалық және моральдық қауіпсіздік, ғылыми даму, жалпы денсаулықты жақсарту, халықты жас сақтау, жасампаздық пен инновациялардың барлық түрлерін қолдану және әділеттікті сақтауды материалдық дамудың негізгі тақырыптары деп атап: "Дұрыс түсіну керек: әділеттік дегеніміз – қоғамдық мүмкіндіктерді пайдалануда таптық алшақтықты жою және адамдарға тең мүмкіндіктер беру. Өйткені мүмкіндіктерді пайдалануда біреуге артықшылық беру – әділетке қарсы зұлымдық",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі сондай-ақ рухани өрлеу тақырыптарының қатарында ақлақ, діндарлық, ынтымақтастық, исламдық өмір салты, жанқиярлық және күрес тақырыптарын атап: "Осы материалдық және рухани құрамдас бөліктер мен тақырыптардың бәрін жүзеге асыру заманауи жоспарлау мен ойлауды талап етеді. Студенттер қауымы өз мұң-мұқтажы және талаптарымен бірге осы салада да жұмыс істеп, талпынуы керек",-деді.

Аятолла Хаменеи ИИР-дың екінші арманы, яғни әлем елдеріне ел басқару үлгісін ұсынуды шын мәнінде дүние жүзі халықтарына жанашырлық пен мейірімділік деп атап: "Бұл мұрат белгілі бір дәрежеде жүзеге асты. Сендер, жастар толғанып, мақтан тұтатын аймақта және әлемде болған оқиғалардың көбі өз елдерің, қоғамдарың және революцияларыңмен байланысты",-деді.

Аятолла Хаменеи баяндамасының басқа бір бөлігінде университеттің негізгі тірегін білім деп атап, университеттің үш міндеті ғалымды тәрбиелеу, ғылым өндіру және осы екеуіне бағыт-бағдар беру екенін айтып: "Әлем университеттері үшінші міндет, яғни ғалымды тәрбиелеу мен ғылым өндіруге тиісті бағыт-бағдар беруде қиыншылыққа ұшырап отыр. Осы себепті олардың өнімдері үстемшіл сионистік күштердің құралына айналып отыр",-деді.

Аятолла Хаменеи университеттерде ирандық студенттерді Батыстың ізбасары ретінде танытуға талпыныс жасалып жатқанын айтып: "Студенттік ұйымдар бұл әрекеттерге белсенді түрде қарсы тұруы керек",-деді.