Сәу 18, 2024 23:42 Asia/Almaty
  • Сардар Хақталап: Қоқан-лоқы көрсеткен жағдайда Иранның ядролық саясаты қайта қаралады

Иранның ядролық орталықтарының қауіпсіздігін сақтауға жауапты Сақшылар корпусының қолбасшысы: "Сионистік режимнің Иранның ядролық орталықтарына қарсы қоқан-лоқылары ИИР-дың ядролық жұмыстарға қатысты бұрын жариялаған саясатын қайта қарау ықтималын тудырып отыр",-деді.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сақшылар корпусының қолбасшысы сардар Ахмад Хақталап "Шын уәде" операциясына реакция ретінде сионистік режимнің Иранның ядролық нысандарына шабуыл жасау ықтималы туралы: "Бұл қоқан-лоқы кеше және бүгін ғана болып отырған жоқ. Жылдар бойы сионистік режим қоқан-лоқымен қоса, Иранның ядролық өнеркәсібіне қарсы бүлдіргі және лаңкестік әрекеттер жасады",-деді.

Сардар Хақталап: "АҚХА-ның ядролық жұмыстарға қатысты халықаралық протоколдары, стандарттары, заңдары мен ережелеріне сәйкес, барлық елдер ядролық нысандарға шабуыл жасаудан бас тарту керек. Бірақ ИИР әрдайым және басынан-ақ қоқан-лоқыларға қарсы тұруға дайын",-деді.

Сардар Хақталап сондай-ақ сионистік режимнің жуырда Сириядағы Иран елшілігінің консулдық бөліміне шабуыл жасап, барлық халықаралық  заңдар мен ережелерді аяқ асты еткеніне тоқталып, режим тағы бір сорақы әрекетке барып, Иранның ядролық орталықтарына шабуыл жасайды деп ойламайтынын айтып: "Бүкіл күштердің бас қолбасшысының көрегендігі және Қарулы күштердің талпынысы арқасында пассивті қорғаныс жобаларын орындап, дамыған құрал-жабдықтарды пайдаланып, ядролық нысандардың Иран территориясында шашырай орналасуын да ескере отырып,  сионистік режимнің кез келген қоқан-лоқысына төтеп береміз",-деді.   

Сардар Хақталап Иран Қарулы күштерінің толық дайын екенін айтып: "Сионистік режимнің ядролық орталықтары орналасқан жерлер анықталып, барлық объектілерге қатысты ақпарат жинақталған. Олардың ықтималды шарасына жауап беріп, тиісті объектілерді жою үшін мықты зымырандар дайын",-деді.

Сардар Хақталап: "Сионистік режим Иранның ядролық нысандарына қарсы қандай да бір әрекет жасаған жағдайда міндетті түрде ИИР-дың кесімді реакциясына ұшырайды. Режимнің ядролық нысандарына дамыған қарулармен қарымта жауап беріледі",-деді.  

Сардар Хақталап: "Сионистік режим Иранның ядролық нысандарына шабуыл жасаймыз деген қоқан-лоқыны Теһран үкіметіне қысым ретінде қолданатын болса, Иранның ядролық доктринасы мен саясаты қайта қаралып, бұрын жарияланған принциптер өзгеруі ықтимал",-деді.   

Сақшылар корпусының қолбасшысы: "Егер сионистік режим Иранға қарсы басқыншылық әрекет жасайтын болса, Иран Қарулы күштері тиісті жауап береді. Олар Иран Қарулы күштерінен алатын жауаптың "Шын уәде" операциясы сияқты тарихта мәңгі қалатынына сенімді болсын",-деді.  

Тегтер