Иранның армиясының шағын көрінісі
Сәу 29, 2024 18:09 Asia/Almaty
ИИР-ның армиясы Иран Ислам Республикасының Қарулы күштерінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Әскердің басты міндеті – «елдің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғау».
Бүгінгі таңда Иран армиясы 4 құрлық, теңіз, әуе және әуе қорғаныс күштерінен тұрады. Олар Ислам революциясы Сақшылар корпусы және Полиция қолбасшылығымен бірге ИИР-ның Қарулы күштерін құрады.
Бұл мақалада Иран армиясының ел Конституциясына негізделген міндеттері осы күштің суреттерімен бірге көрсетілді.
Армия елдің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын және Ислам республикасының жүйесін қорғауға жауапты.
Армия исламдық, академиялық және халықтық болуы керек.
Елдің армиясы мен полиция күштеріне бірде-бір шетелдік азамат қабылданбайды.
Бейбіт мақсатта болса да, Иранда кез келген шетелдік әскери база құруға тыйым салынады.
Үкімет бейбітшілік заманда әскердің халқы мен техникалық құрал-жабдықтарын исламдық әділеттілік стандарттарына толықтай сәйкес көмек көрсету, оқу-жаттығу, өндіріс және құрылыс жұмыстарында пайдалануы керек.
Үкімет елдің барлық халқы үшін исламдық стандарттарға сәйкес әскери дайындық бағдарламалары мен нысандарын қамтамасыз етуге міндетті.