Иран Парламентінің өкілі: Әлем халқы сионистік режимді Париж Олимпиадасына қатыстырмауды талап етуі керек
Иран Парламенті өкілінің айтуынша, әлемнің барлық елдері кемсітушілік пен әділетсіздікті шетке қойып, сионистік режимге шынайы шара қолдануды талап етуі керек. Олардың орынды жолдарының бірі - сионистік режимді Олимпиада ойындарына қатыстырмау әрекеті.
Иран Ислам кеңесіндегі Арак халқының өкілі Мұхаммад Хасан Асефари «Мехр» тілшісіне берген сұхбатында сионистік режимді Париж Олимпиадасына қатыстырмау қажеттілігіне тоқталып: «Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін Ресей мен Беларусь елдерінің барлық әлемдік жарыстарға қатысудан шеттетілгенін, екінші жағынан Ресей мен Беларусьте бірде-бір спорттық іс-шараның өткізілмегенін көрдік. Өткен жылдары әртүрлі себептермен Ресей, Беларусь және кейбір басқа елдер Олимпиада ойындарынан уақытша шеттетілгені сияқты, сионистік режим де Палестинада өткен айларда жасаған аяусыз шабуылдарына байланысты 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысудан шеттетілуі керек»,- деді.
Иран Ислам Кеңесіндегі Арак халқының өкілі былай деп сөзін жалғады: «Егер әлем халқы сионистік режимнің Газа тұрғындарының мазлұмдарына жасаған қысымдарына шынымен де алаңдаса, олар сионистік режимге қарсы іс жүзінде қарсы тұруы керек. Олардың бұл үшін жақсы мүмкіндіктерінің бірі - сионистік режим өкілдерінің алдағы Олимпиада ойындарына келмеуін талап ету».
Ол әлемнің азат халқы сионистік режимді жақтамайтынын көрсетуі керек деп тоқталып: «Әлемнің барлық елдері жұмылдырып, ұйымдастырушылар мен Халықаралық Олимпиада комитетінен сионистік режимді тоқтатуды және осы режим спортшыларының Олимпиада ойындарына қатысуына жол бермеуді сұрауы керек. Әлемнің барлық елдері кемсітушілік пен әділетсіздікті шетке қойып, сионистік режимге шынайы шара қолдануды талап етуі керек. Олардың орынды жолдарының бірі - сионистік режимді Олимпиада ойындарына қатыстырмау әрекеті. Егер бұл іс жүзінде орын алып, сионистік режим 2024 жылғы Париж Олимпиада ойындарынан шеттетілсе, әлем халықтары халықаралық ұйымдар мен ассамблеяларға үміт артады. Бұл орын алуы керек және тиісті шенеуніктер мен шешім қабылдаушылардың бұл мәселеге екі жақты көзқарасы болмауы керек. Олимпиада ойындарына қатысатын барлық мұсылман және мұсылман емес елдер сионистік режим өкілдерінің бұл ойындарға кіруіне тосқауыл қоюы керек»,- деп айтты.