Ирандық ғалымдар Boeing ұшағының реактивті қозғалтқышының қалақшаларын жасады
(last modified Mon, 17 Jun 2024 16:57:07 GMT )
Маусым 17, 2024 22:57 Asia/Almaty
  • Ирандық ғалымдар Boeing ұшағының реактивті қозғалтқышының қалақшаларын жасады

Иран ғалымдары MD реактивті қозғалтқышының қалақшаларын жасау арқылы санкцияға байланысты тоқтатылған ұшақтардың 28-ден астам түрін қайта қалпына келтірді.

Соңғы жылдары Батыстың Иранға қарсы қатыгез санкция салуы салдарынан ирандық мамандар өте күрделі көптеген техникалық бөлшектерді жергіліктендірді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ирандық қозғалтқыш және авиациялық жабдықтар шығаратын іргелі ғылымға негізделген компанияның директорларының бірі Мани Резвани Tasnim ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Бұған дейін Иранда 40 Boeing ұшағы MD реактивті қозғалтқышымен жұмыс істейтін. Бірақ тексерістен кейін олардың тек 12-сі ұшуға рұқсат алды. Қалғаны жарамсыз болып қалды! Осы оқиғадан кейін иранның азаматтық авиация орталығы электр станцияларының турбиналарында бөлшек құю және мұнай-газ өнеркәсібіндегі ұзақ мерзімді тәжірибеге сүйеніп, кері инженерияны пайдаланып, елде JT8D Boeing ұшақтарының MD қозғалтқыштарының қалақшаларын жасады",-деді.

Ол: "Бұл қозғалтқышқа сертификат алудың соңғы кезеңі аяқталды. Азаматтық авиация ұйымы бұл қалақшаларды MD ұшақтарына орнатуға түпкілікті лицензия бергеннен кейін жаппай өндіріс басталады",-деді.  

Мани Резвани: "Мысалы, отандық үлгінің бағасы 7-8 мың доллар аралығында болады. Ал шетелдік үлгінің бағасы 22 мың доллар. Ұзақ мерзімді перспективада бұл қалақшаларды сыртқы нарықтарға, әсіресе Ресей мен Кавказ аймағына экспорттау да қарастырылады. Сондай-ақ отандық сертификаттар алынғаннан кейін көптеген жабдықтарды экспорттау үшін шетелдік компаниялармен келіссөздер басталады",-деді.