Ислам революциясы жетекшісі халықты, сайланған президентті және сайлау науқанына қатысқан барлық белсенділерді құттықтады
Имам Хаменеи сайлау саласындағы барлық кандидаттар мен белсенділерге алғыс білдірген жолдауында, сайланған президенттің елдің көптеген мүмкіндіктерін халықтың жайлылығы мен елдің ілгерілеуі үшін пайдаланып, шәһид Раиси жолын жалғастыруын баса айтты.
Parstoday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ислам революциясы жетекшісінің жолдауының мәтіні мынадай:
بسم الله الرّحمن الرّحیم
Аса Мейірімді және Рақымды Алланың атымен
Барлық мақтау бүкіл әлемнің рәббиі Аллаға тән
Мұхаммадқа (с.ғ.с.) және оның пәк әулетіне (ғ.с.) салауат пен сәлем.
Қадірлі де мейірімді Аллаға шүкір, ұлы Иран халқы өзінің ерік-жігері арқасында қысқа заңды мерзімде президенттік сайлау сахнасын ұйымдастырып, шәһид болған президенттің ауыр қазасынан кейін екі жұма қатарынан еркін және ашық сайлау өткізіп, бірнеше үміткердің ішінен ел президентін таңдады.
Сайлаудың құрметті лауазымды тұлғалары өз міндеттерін қажетті жылдамдықпен және толық сеніммен орындады, ал құрметті халық алаңға жауапкершілікті сезініп, жылы да жалынды көрініс тудырып, екі кезеңде 55 миллионнан астам дауыс жинады.
Иран халқының дұшпандары үмітсіздік пен тығырықтан шығару үшін бастаған сайлауға бойкот жариялау туралы жасанды шумен күресудегі бұл ұлы қозғалыс – тамаша әрі ұмытылмас жұмыс. Оның құрметі мен марапатына барлық құрметті кандидаттар және олардың әрқайсысының жеңісі үшін апталап күндіз-түні еңбек еткендердің барлығы бірдей.
Енді Иран халқы өз президентін сайлады. Елді және сайланған Президентті және осы сахнаның барша белсенділерін, әсіресе үміткерлердің сайлауалды штабының жалынды жастарын құттықтай отырып, баршаңызға елдің ілгерілеуі мен абыройының артуы үшін ынтымақтасуға және жақсы ойлауға кеңес беремін.
Сайлау кезіндегі бәсекелестік достық нормаға айналдырылып, әркім елдің материалдық және рухани өркендеуі үшін мүмкіндігінше жұмыс істеуі орынды.
Мен сондай-ақ сайланған президент, доктор Пезешкианға Аллаға, Рахманға сенім артуға, ұзақ және жарқын көкжиектерді көздеп және шәһид Раисидің жолын жалғастыруға, елдің көптеген мүмкіндіктерін, әсіресе жас, революциялық және діндар адам ресурстарын халықтың жайлылығы мен елдің ілгерілеуі үшін барынша пайдалануға кеңес беремін.
Мен тағы да Алланың алдына шүкірлік етіп, хазірет Мәһдиге (ғ.с.) құрбандық рухымен сәлем жолдаймын және шәһидтер мен шәһидтердің құрметті имамы мен баршаға құрмет көрсетемін. Осы сын сағатта маңызды рөл атқарған құрметті үміткрелер мен сайлау саласындағы белсенділерге, сондай-ақ республикалық БАҚ-қа, еліміздің қауіпсіздік органдарына, атқарушы және сайлауды бақылау органдарына алғысымды білдіргім келеді.
Сейед Әли Хаменеи
16/4/1403