Шіл 07, 2024 19:05 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресейдің жаңа ақша келісімі - долларсыздандыру саладағы әрекет

Иранның Орталық банкінің төрағасы Иран мен Ресей арасындағы сауда үшін алғашқы екі жақты ақша келісіміне қол қойылғанын хабарлады.

АҚШ-тың халықаралық экономикада үстемдік етудің негізгі құралдарының бірі оның валютасы доллар болып табылады.  Бұл құрал Вашингтонмен қосылмаған елдерге қарсы экономикалық соғыста көп рет қолданылған және қолданылуда. Сондықтан Иран, Ресей, Қытай сияқты елдер түрлі саясаттар мен әдістерді қолдану арқылы доллар қысымынан құтылуға тырысуда.

Parstoday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Орталық банкінің төрағасы Мұхаммад Реза Фарзин: "Ресей Орталық банкінің басшысымен Санкт-Петербургте өткен кездесудің соңында коммерциялық операциялар үшін ұлттық валюталарға өтімділікті қамтамасыз ету мақсатында екіжақты ақшалай келісімге қол қойылды",- деді. Фарзин: "Жақын арада Иранның валюта және алтын айырбастау орталығында оффшорлық риалдың келісілген транзакциялық инфрақұрылымының (оффшорлық риал) ашылуымен қажетті нұсқаулар банк желісі мен саудагерлерге жеткізіледі",- деп сөзін жалғады.

Иранның Орталық банкінің төрағасы: "Ақша келісімімен айырбастау риал мен рубльдің жергілікті валюталарына негізделеді және басқа валютаны пайдаланудың қажеті жоқ. Бұл елдің коммерциялық биржаларындағы секірістің басы және валюта айырбастауынан туындаған көптеген қиындықтарды жояды. Сондықтан бұл мәселе ирандық кәсіпкерлер мен ресейлік инвесторлар үшін өте қолайлы",- деп айтты.

Фарзин Иран мен Ресейдің ақша және банк қатынастарына тоқталып: "Екі жақтың сарапшы делегациясының екіжақты кездесуінде ресейлік Мир төлем желісін Иранның Shatab желісіне қосу талаптарын аяқтай отырып, бұл жоба операциялық кезеңге енді, оның бірінші кезеңі Иран азаматтары үшін келесі айдың соңы  пайдалануға жарамды болады.. Бұл кезеңде Иранның Shatab желісіндегі банк карталары Ресейдегі барлық банкоматтарда мобильді смарт-карта (Янтарь) жоспары түрінде пайдалануға жарамды болады және Иран азаматтары өздерінің банк карталарымен ресейлік банкоматтардан рубль банкноттарын ала алады",- деді.

Тегтер