Иранның жаңа президенті Ливан қарсыласу жетекшісіне хат жазды: Заңсыз сионистік режимге мүмкіндік бермеңіздер
(last modified Tue, 09 Jul 2024 12:09:18 GMT )
Шіл 09, 2024 18:09 Asia/Almaty
  • Иранның жаңа президенті Ливан қарсыласу жетекшісіне хат жазды: Заңсыз сионистік режимге мүмкіндік бермеңіздер

Иран халқының сайланған президенті Ливан Хизболласының Бас хатшысына жолдаған хатында күшті қарсыласуға қолдау көрсетудің жалғасатынын мәлімдеді.

Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролла Масуд Пезкшкианның Иран президенттік сайлауындағы жеңісінен кейін оны құттықтаған жолдауында: «Біз сіздермен біргеміз  және Алла қаласа, орталығы қымбатты және құдіретті Иран болып табылатын түпкілікті жеңіске жеткенше осы жолды жалғастырамыз",- деп баса айтты.

Parstoday агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның сайланған президенті Масуд Пезешкиан да хат түрінде берген жауабында Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насроллаға ерекше ризашылығын білдіріп, қарсыласуды шынайы қолдайтынын жариялады.

Масуд Пезешкианның Сейед Хасан Насроллаға жазған хатында мыналар айтылды:

1. Иранның заңсыз сионистік режимге қарсы аймақ халқының қарсыласуын үнемі қолдауы.

2. Қарсыласуды қолдау - Иран Ислам Республикасы мен оның басшыларының негізгі саясаты.

3.  Қарсыласу қозғалыстарының сионистік режимнің соғыс ашу және қылмыстық саясаттарымен қарсы тұру қажеттілігі.

4.  Ливан халқына өркендеу мен прогресс тілеу.

Масуд Пезешкианның Ливан Хизболласының бас хатшысына жазған хатының толық мәтіні:

Құрметті Сейед Хасан Насролла мырза

Құрметті Ливан Хизболласының Бас хатшысы

Сәлем және көп рахмет, ИИР-ның Президенті болып сайланғаннан кейін сіздің құнды және мейірімді хатңызды алдым.

Иран Ислам Республикасы әрқашан аймақ халқының заңсыз сионистік режимге қарсылық көрсетуін қолдады. Қарсыласуды қолдау Иран Ислам Республикасының негізгі саясаттарынан бастау алады, сондай-ақ имам Хомейнидің армандары мен Ислам революциясы жетекшісінің  нұсқауларынан болды және күш-қуатпен жалғасады.

Аймақтағы қарсыласу қозғалыстары бұл режимнің Палестинаның езілген халқына және аймақтың басқа ұлттарына қарсы соғысты қоздырушы және қылмыстық саясаттарын жалғастыруына жол бермейтініне сенімдімін.

Мен үшін шын ықыласпен жасаған дұғаларыңыз үшін алғыс айтамын және Ұлы Алладан сіз үшін бұдан да артық абырой мен құрмет, Ливан халқы үшін гүлдену мен ілгерілеу және   қарсыласу қаһармандарына илаһи қолдау тілеймін.

Масуд Пезешкиан

ИИР-ның сайланған президенті