Иранның инновациялық жетістігі: АҚШ-тың санкцияларына қарамастан жаңа туған нәрестелерге арналған реанимациялық құрылғылары толық жергіліктендірілді
(last modified Wed, 24 Jul 2024 09:50:40 GMT )
Шіл 24, 2024 15:50 Asia/Almaty
  • Иранның инновациялық жетістігі: АҚШ-тың санкцияларына қарамастан жаңа туған нәрестелерге арналған реанимациялық құрылғылары толық жергіліктендірілді

АҚШ-тың санкцияларына қарамастан, Иранның іргелі ғылымға негізделген бір компаниясы жаңа туған нәрестелерді реанимациялау және ауа мен оттегіні араластыратын құрылғыларды ел ішінде жасап шығарды.

Иранның сүйек кемігін ауыстырып салу және бедеулікті емдеуде әлемнің жетекші үш елінің қатарында болуы және ортопедия мен дене мүшелерін трансплантациялау саласында әлемде төртінші орын алуы Иранның медицина саласындағы жетістіктері саналады. Сондай-ақ Иран кейбір ерекше ауруларды емдеуге қажетті дәрі-дәрмек өндіруден әлемде жетінші орында тұр, кохлеарлық импланттарды қолдану бойынша әлемдегі алғашқы бес елдің қатарына кіреді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Mehr Apadana компаниясы ирандық мамандардың біліміне сүйене отырып, сәбилерге арналған реанимациялық және ауа мен оттегі араластыратын құрылғыларды толығымен жергіліктендірді.

Осы компанияның директоры Масуд Сүлеймани: "Бұл құрылғының барлық бөлшектері ирандық мамандар тарапынан әзірленіп жасалды. Ешбір сыртқы үлгіден көшірме жасалмады немесе кері инженерия жүргізілмеді",-деді.   

Сүлеймани: "Ирандағы жаңа туған нәрестелерге арналған реанимациялық құрылғылар мен ауа және оттегі араластырғыштар эргономикалық дизайн және қарапайым пайдалану интерфейсімен жұмыста қателіктер жібермей және шаршамай-ақ реанимация жүргізуге мүмкіндік береді",-деді.

Айта кету керек, Иран Ислам Республикасының соңғы жылдарда денсаулық сақтау және емдеу саласындағы жетістіктері бұл елдің аймақта медициналық полюстердің бірі ретінде танылуына себеп болды.