Шіл 25, 2024 11:17 Asia/Almaty
  • Ирандық зерттеушілердің маңызды жетістігі – жаңа гендік терапия әдісімен тұқым қуалайтын соқырлықтың алдын алу

Ирандық зерттеушілер оңтайландырылған рекомбинантты вирустық векторларды ойлап табу арқылы тұқым қуалайтын «Retinitis Pigmentosa» ауруы бар науқастарда соқырлықтың алдын алуда табысқа жетті.

Ирандық зерттеушілер оңтайландырылған рекомбинантты вирустық векторларды ойлап табу арқылы тұқым қуалайтын «Retinitis Pigmentosa» ауруы бар науқастарда соқырлықтың алдын алуда табысқа жетті.

«Retinitis Pigmentosa» ауруы – көз торы дегенерациясының бір түрі және тұқым қуалайтын соқырлықтың ең көп таралған түрлерінің бірі, оның таралуы шамамен жаңа туған екі мың бес жүз нәрестенің бірін қамтиды. Бұл түнгі соқырлыққа және ақырында толық соқырлыққа әкеледі.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ирандық зерттеуші Мариям Хақшенас осы туралы: «Аталмыш ауруды емдеу үшін қабылданатын тиімді шаралардың бірі генді тиімді тасымалдау үшін оңтайландырылған рекомбинантты вирустық векторларды өндіру болып табылады»,-деді.

Мариям Хақшенастың айтуынша, «Retinitis Pigmentosa» ауруын емдеу үшін осы әдісті қолдану арқылы осы геннің сау нұсқасы бар вирус жасалды.

Ирандық зерттеуші: «Өндірілген вирусты науқастың көзіне еккеннен кейін жоғарыда аталған ген торлы қабық жасушаларының жойылуының алдын алады»,-деді.

Хақшенас: «Осы уақытқа дейін гендік терапия технологияларының ешқайсысы Иранда болмаған еді. Мұндай зерттеу Иранда алғаш рет жасалды»,-деді.

Айта кету керек, санкцияларға қарамастан Иран әлемдегі ғылым өндірісінің 2 пайызына ие, сондықтан ислам елдерінің көшбасшысы саналады.

 

Тегтер