Шіл 26, 2024 21:49 Asia/Almaty
  • Иранның қанаттары - Ежелгі Иран әлемге ұсынған су басқару өнері

Қанат қазу - ежелгі ирандықтар ойлап тапқан жер асты суларын пайдаланудың бір тәсілі. Бұл құрылыс Ирандағы көне өркениет адамдарының ақылы мен қабілетін көрсетеді. Иранда салынған қанаттар - жер асты құрылғылары. Ол суы аз немесе тапшы жерлерде қолданылған.

Қанат қазу - ежелгі ирандықтар ойлап тапқан жер асты суларын пайдаланудың бір тәсілі. Бұл құрылыс Ирандағы көне өркениет адамдарының ақылы мен қабілетін көрсетеді.Иранда салынған қаннаттар - жер асты құрылғылары. Ол суы аз немесе тапшы жерлерде қолданылған.

Негізгі арнамен су жіберу үшін тізбектей ұңғыма қазылады

Ұзақ жылдар бойы бұл тәсіл көптеген елдерде сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылды. Тарихи құжаттар көрсеткендей, қаннат салу технологиясы Ираннан шығып біртіндеп әлемнің басқа аймақтарына таралған. Шығыста мұның үлгілерін Ауғанстан, Үндістан және Қытай сияқты елдерден, батыста Солтүстік Африка елдері, соның ішінде Марокко, Алжир, Ливиядан көруге болады. Зерттеулер көрсеткендей, адамдар қаннат салуға болатын жерлерде қоныстанған.

Қанат деген не? Қалай салынады?

Қанат немесе кәріз - жер асты суларын жер бетіне шығару үшін қазылатын канал. Жер асты суларын "ана құдық" деп атайды. Жер астында қазылған канал шын мәнінде ана құдықтан бастау алатын құдықтарды бір-бірімен байланыстыратын каналдың рөлін атқарады. Қанат жер бетіне жеткен жерді "қанат басы" деп атайды.

Қанат

Қанат қазу тәсілі

Қанат салуда ескерілетін жайт - оның жұмыс істеу тәсілі. Бұл құрылыс ешқандай қосымша құрылғының көмегінсіз тек тартылыс күшін пайдалану арқылы суды жер бетіне шығарады.

Ирандық қанаттардың әлемдік мұра тізіміне тіркелуі

ЮНЕСКО сумен өз қамтамасыз ету туралы есебінде Ежелгі Ирандағы "қанат" деп аталатын су жеткізу туннельдерін қазу тәсілін әсемдік мұра ретінде тіркелген тиімді инженерлік шешіммен терең ойластырылған ең көне тәсіл деп атады.Қазіргі таңда Иранның он шақты көне қанаты ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне тіркелген. Соның ішінде Йездегі үш мың жылдық тарихы бар ұзындығы 83 шақырым Зарч қанаты, сондай-ақ Қасбе Гүнабад, Баладе Фердоус және Зарч Хасанабад қанаттары бар.

Қанаттар - әлемдегі үздік құрылыс

Басқа елдердегі ирандық қанат қазу білімі

Қанат технологиясы өзінің тиімділігін дәлелдеп, су мен жасыл желекті әлемнің басқа елдеріне сыйлады. Көптеген елдерде, соның ішінде мұсылмандар өмір сүретін Испанияда оның әсерін терең сезінуге болады. Әлем бойынша халқы көп Үндістанға қанат технологиясының тасымалдануы осы елдің халқына айтарлықтай көмектесті.

Бір ирандық қанаттың көрінісі

Үндістанда қанат салудың үлгісі

Махараштра штатында орналасқан Оурангабад (қазір "Чатрапати Самбаджи Нагар" деп аталады) қаласы Үндістанның басқа көптеген өңірлері сияқты жазда су тапшылығына ұшырайды. Алайда бір кездері бұл қала суы жоқ жерде жасыл желегімен танымал болған. Бұл жайқалған жердің сыры - "Нахар Амбари" деп аталатын жер асты каналдар жүйесі. Малек Амбар атты құл 1612 жылы осы каналдар жүйесін салған.Сәулетші әрі зерттеуші Данашри Мираджкар бір ғылыми мақалада жазғанындай, Амбари Үндістанға келгенге дейін бірнеше жыл Иранда өмір сүрген. Ирандық қаннаттар жүйесі бірнеше жылдан кейін оның Үндістанда жер асты су каналдарын салуына шабыт берді. Бұл жазушы сөзінің жалғасында былай деді: Ирандықтар су тапшылығы мәселесін шешу үшін ойлап тапқан жүйені Амбари үйреніп алып, кейін оны Оурангабадта бір топ инженердің көмегімен жүзеге асырды.

Қанат туннельдерін қазу - нақты есепті қажет ететін өте ауыр іс.

Су тасымалдау жүйесін терең зерттеген тарихшы шейх Рамазанның айтуынша, осы жер асты су каналдарының ұзындығы 2,5 мильге (шамамен 4 км) жетіп отырған. Олар 400 жылдан бері сумен қамтамасыз етіп келеді.

Бұл каналдарды қайта іске қосуға бола ма?Доктор шейх Рамазанның айтуынша, әлем деңгейінде жердің 20 пайызы осы тәсілді пайдалануға қолайлы табиғи жағдайға ие.

Қанаттың тағы бір көрінісі

Осындай табиғи жағдайға ие ауылдарда жер асты су каналдары салынса, миллиондаған тұрғынды тұщы сумен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі.

Тегтер