Там 01, 2024 16:52 Asia/Almaty
  • Имам Хаменеи шәһид Исмаил Ханияның жаназасында намаз оқыды

Ислам революциясының жетекшісі бейсенбі күні таңертең Теһран университетінде ХАМАС саяси кеңсесінің басшысы шәһид Исмаил Хания мен оның оққағары шәһид Усим Әбу Шабанның жаназасында намаз оқыды.

Жаназа намазы Иран халқының түрлі әлеуметтік топтарының өкілдері, мемлекеттік және әскери қызметкерлер, шәһид Исмаил Ханияның жанұясы, Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы мен Ливан қайраткерлерінің қатысуымен өтті.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, имам Хаменеи намаздан кейін шәһид Исмаил Ханияның жанұясы және Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының жауапты басшыларымен кездесіп, оларға көңіл айтып, хал-жағдай сұрады.  

 

Тегтер