28 мордадтағы (18 тамыз) мемлекеттік төңкеріс – АҚШ пен Англияның маңдайындағы мәңгі масқара дақ
(last modified Sun, 18 Aug 2024 16:20:49 GMT )
Там 18, 2024 22:20 Asia/Almaty
  • 28 мордадтағы (18 тамыз) мемлекеттік төңкеріс – АҚШ пен Англияның маңдайындағы мәңгі масқара дақ

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы 28 мордад төңкерісінің жылдығында АҚШ пен Англияның осы төңкерістегі рөліне тоқталып: "Х.ш.ж.с.б. 1332 жылы 28 мордадта төңкеріс жасау арқылы Ирандағы қалаулы үкіметті құлату АҚШ пен Англияның маңдайында масқара дақ болып мәңгі қалады",-деді.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Насер Канани 28 мордад төңкерісінің жылдығына орай "Х" әлеуметтік желісінде: "Құлдыққа алу, отарлау, төңкерістер жасау және басқа елдерге әскери интервенция жасау АҚШ пен Ұлыбританияның ауыр да масқара тарихының бір бөлігі ғана",-деп жазды.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Канани: "Х.ш.ж.с.б. 1332 жылы 28 мордадта төңкеріс жасау арқылы Ирандағы доктор Моссадықтың қалаулы үкіметін құлатуы, диктаторды саяси, қауіпсіздік және әскери тұрғыдан қолдауы АҚШ пен Англияның маңдайында масқара дақ болып мәңгі қалады",-деді.  

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: "Осындай сұрқия тарихқа ие бұл екі ел қазір нәсілшіл Израиль режимін және Газадағы геноцидті қолдап отыр. Сонымен қоймай олар өздерін адам құқығы мен демократияның ту ұстаушылары санайды",-деді.

Бүгін, жексенбі 28 мордад төңкерісінен 71 жыл өткеннен кейін осы тарихи оқиғаға қатысты істі қарастыруға арналған алғашқы жиналыс Теһран облысының Бас прокуратурасының халықаралық істер бойынша 55-ші бөлімшесінде өтті.

28 мордад төңкерісіне қатысты сот отырысы 400 мың адамның арызы негізінде судья Маджид Хұсейнзаданың басқаруымен басталды (Ирандық азаматтар 28 мордад төңкерісіне қатысы бар АҚШ үкіметі, Мемлекеттік департаменті, ОББ, Қаржы министрлігі, Конгрестің Өкілдер палатасы және федералды резерв басқармасынан тұратын тараптардың үстінен арыз түсірді).

Арыз 13 негізгі тараудан тұрады. Онда төңкерістен туындағын залал мен шығындар санамаланған.  

Ең маңызды залал – АҚШ пен Англияның Иранның мұнайын тонаудағы әрекеттері және әрине II Пехлевидің Иран халқына 25 жыл бойы үстемдік етуіне жағдай жасауы.

Х.ш.ж.с.б. 1332 жылы 28 мордадта (1953 жылы)  шах армиясының бірқатар күштері АҚШ пен Англияның қолдауы арқасында Мұхаммед Моссадық (сол кездегі премьер-министр) үкіметін құлатып, шетелге қашып кеткен Мұхаммедреза Пехлевиді қайта таққа отырғызды. Моссалық үкіметі құлатылғаннан кейін аз уақытқа қолы кесілген отаршыл үкіметтер Иранға қайта ауыз салды.

28 мордад төңкерісі Иранда мұнай өнеркәсібін мемлекеттендіру қозғалысы жеңіске жеткен кезде АҚШ пен Ұлыбританияның ел ісіне араласуының бір бөлігі болды.