Там 21, 2024 16:48 Asia/Almaty
  • Иранның тоқыма өнеркәсібі көрмесіне 120 шетелдік компания қатысады

Иранның тоқыма өнеркәсібінің 30-шы көрмесі Теһран халықаралық көрмелерінің тұрақты орнында 13 елден 170 ирандық компания мен 120 шетелдік компанияның қатысуымен басталды.

 

29 мурдад (19 тамыз) Теһран халықаралық көрмелерінің тұрақты орнында басталған Иранның тоқыма өнеркәсібінің, соның ішінде машина жасау, шикізат, үй тоқыма бұйымдары, кесте тігу машиналары мен тоқыма бұйымдарының 30-шы көрмесі шахривардың 1-іне (22 тамыз) дейін жалғасады.

Parstoday хабарлауынша, бұл көрмеге Германия, Италия, Тайвань, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, Түркия, Пәкістан, Австрия, Швейцария, Үндістан, Жапония және Қытайдан келген қатысушылар тоқыма өнеркәсібі саласындағы соңғы өнімдері мен қызметтерін ұсынады.

Бұл көрмеге 290-нан астам ирандық және шетелдік компаниялар өз мүмкіндіктерін таныстыру, инвестиция, сауда және сауда алмасуларын қамтамасыз ету және осы саланың жаңа мәліметтерін бір-бірімен талқылап, алмасу үшін жиналды.

Зауыттардың, компаниялардың жетістіктерін, қуаттарын және мүмкіндіктерін таныстыру, экспортты дамыту және жаңа экспорттық нарықтарды табу, осы саладағы соңғы ирандық және шетелдік ғылыми, техникалық және өнеркәсіптік жетістіктерді көрсету,  технологияларды көбірек тасымалдау үшін қолайлы платформаны қамтамасыз ету, жаңа іскерлік қарым-қатынастар орнату және бұрынғы қарым-қатынастарды нығайту, ирандық және шетелдік компаниялардың инвестициялары үшін қажетті негіздерді қамтамасыз ету және кәсіпкерлік пен тұрақты жұмыспен қамту 30-шы Иран тоқыма өнеркәсібі көрмесін өткізудің ең маңызды мақсаттары болып табылады.

 

 

Тегтер