Там 28, 2024 17:05 Asia/Almaty
  • Иранның «Ислам өркениетіндегі өнер тарихы» кітабы  қытай тілінде жарық көрді

«Ислам өркениетіндегі өнер тарихы» кітабының қытай тіліндегі аудармасы Иран Ислам Республикасының Бейжіңдегі мәдени кеңес беру мекемесінде жарық көрді.

 

«Ислам өркениетіндегі өнер тарихы» кітабын Иран өнер академиясының мүшесі, зерттеуші Хасан Балхари Қахи жазған. Parstoday басылымының хабарлауынша, бұл еңбекті қытай тіліне Бай Джи Су аударып, Shang Wu Publications басылымы басып шығарып, таратқан.

«Ислам өркениетіндегі өнер тарихы» кітабын аударуды Қытайдағы Иран Ислам Республикасының Мәдени кеңес беру мекемесі Аударма және баспа ісін ұйымдастыру орталығымен бірлесіп қытай және иран классиктерінің аударма жобасы түрінде жүзеге асырды.  

 

 

Тегтер