Қыр 01, 2024 19:22 Asia/Almaty
  • Амир Сабахифард: Иранның қорғанысы жаудың жасырын құстарын бірнеше шақырым жерден анықтайды

Иран армиясы әуе қорғаныс күштерінің қолбасшысы: «Біз барлық талаптарымызды жобалап, шығардық және кез келген жасырын жау құсын бірнеше шақырым жерден анықтап, қадағалаймыз",- деді.

Иран армиясы Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы Әлиреза Сабахифард былай деп мәлімдеді: "Иран армиясының әуе қорғаныс күштері жаһандық үстемшідерден келетін қауіп-қатерлерді ескере отырып, әуе қорғаныс қабілетін жетілдірді және басқа қауіп-қатерлерге бей-жай қарамайды. Бұл күш зымырандық, радиолокациялық және ақпараттық жүйелерді қоса алғанда, өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ешбір елге тәуелді емес және озық гибридті қақтығыс жүйелерін жобалау мен өндіруде өзін-өзі қамтамасыз етуге қол жеткізді",- деп баса айтты.

Тегтер