Пезешкиан: Ешбір шайтанның Иран жеріне шабуыл жасауға батылы бармайды; Біз геноцид жасаушы Израильді орнына қоямыз
(last modified Sun, 22 Sep 2024 10:24:18 GMT )
Қыр 22, 2024 16:24 Asia/Almaty
  • Пезешкиан: Ешбір шайтанның Иран жеріне шабуыл жасауға батылы бармайды; Біз геноцид жасаушы Израильді орнына қоямыз

ИИР Президенті: «Бүгінде Иранның қорғаныс күші мен тосқауылдық күші соншалық, ешбір шайтанның Иранға басып кіруді ойлауға батылы жетпейді»,- деп баса айтты.

 

ИИР Президенті Масуд Пезешкиан сенбі күні Қасиетті қорғаныс апталығына орай Теһрандағы Иран қарулы күштерінің парадына қатысып, Иран халқының Ирак диктаторы Саддам режимі Иранға қарсы жүктеген сегіз жылдық соғыста дұшпандардың үмітін үзгенін баса айтып: «Исламдық Иранның әскери күштері мен барлық халқының бірлігі отаршыл елдердің Иран мен Ислам революциясын жою және үмітсіздікке апару үшін әзірлеген қорқақ басқыншылық әрекетін залалсыздандырды»,- деп мәлімдеді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Пезешкиан: «Қасиетті қорғаныс аптасы осы елдің барлық жерінде Ислам революциясының аман қалуы үшін, қымбатты және мақтан тұтатын Иран халқы үшін өздерінің таза қандарын құрбан еткен ұлы және белгісіз шәһидтердің құрбандығын еске салу болып табылады»,- деді.

ИИР Президенті сөзін жалғастырып, «Бірлік апталығына» тоқталып, былай деді:

«Бүгін біз бүкіл әлемге «біз өз елімізді қорғай білумен қатар, Ислам елдерімен және осы қымбаттылардың серіктестігімен бірлік пен ынтымақпен, аймағымызды тыныштықта, қауіпсіздікте және тыныштықта сақтап, ислам қоғамының абыройы мен мақтаныштарын әлемге көрсете аламыз, сондай-ақ әйел мен балаға, қарт пен кішіге мейірім көрсетпейтін қанішер, басып алушы және геноцияд жасаушы сионистік режимді бірлік пен ұйымшылдықпен орнына қоя аламыз» деп беделмен жариялай аламыз».

Пезешкиан: «Ислам үмбеті бірлікте болса, сионистік режим мұндай қылмыстарды жасай алмайды»,- деп қуаттады.

Соңында ИИР Президенті Иран  Қарулы күштерінің исламдық Иранның тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау жолындағы талпыныстарын жоғары бағалап: «Бүгінгі Иранның абыройы мен беделі қарулы күштердің жанқиярлығына байланысты»,- деп айтты.

 

 

 

Тегтер