Қыр 24, 2024 17:43 Asia/Almaty
  • Ирандағы Израильдің 12 адамдық диверсиялық желісі жойылды

Ислам революциясы Сақшылар корпусы Ирандағы сионистік режимнің бірнеше әріптесінің тұтқындалғанын хабарлады.

 

Ислам революциясы Сақшылар корпусының қоғаммен байланысы өз мәлімдемесінде Иранның 6 облысында сионистік режимнің 12 жалдамалы элементі мен әріптестерінен құралған желінің ыдырағанын хабарлады.

Pars Тoday-дің   хабарлауынша, Ислам революциясы Сақшылар корпусының қоғаммен байланыс бөлімі мәлімдемесінде тұтқындалған адамдардың Иран халқына қарсы қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруды көздегені айтылған.

Бұл мәлімдемеде сионистік режим мен оның батыстық және еуропалық қолдаушылары, әсіресе Америка Құрама Штаттарының Газа мен Ливан халқына қарсы сұмдық және шайтандық мақсаттарына қол жеткізе алмағаны баса айтылды.

Бұл мәлімдемеде: "Бұл жалған және нәсілшіл режимнің қылмыскер басшылары осы күндердің стратегиялық қиын жағдайдан құтылу үшін дағдарысты ИИР-ның аумағына тарату үшін олар біздің елде қауіпсіздікке қарсы бірқатар шараларды жоспарлаған болатын",- деп көрсетілді.

Тегтер