Иранның Оңтүстік Парс қаласындағы 4-ші мұнай өңдеу зауытында мыңға жуық бөлікті жергілікті ету
ParsToday - Иранның Оңтүстік Парс газ кешенінің төртінші мұнай өңдеу зауытының директоры осы зауытта 1000-ға жуық тауар және техникалық құрал-жабдықтарды өндіруде өзін-өзі қамтамасыз ететінін мәлімдеді.
Иранның Оңтүстік Парс газ кешенінің төртінші мұнай өңдеу зауытының директоры Бехзад Салари: «Ирандық күштердің білімі мен тәжірибесін пайдалану және отандық білімге негізделген компаниялардан көмек алу арқылы Иранның төртінші Оңтүстік Парс мұнай өңдеу зауытының 986 тауар және техникалық құрал-жабдықтары жергілікті болды»,- деп хабарлады.
ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Салари былай деп қосты: «Иранның 4-ші Оңтүстік Парс мұнай өңдеу зауыты сауатты және тиімді ирандық жастардың күші мен білімін пайдаланып, әлемнің соңғы білімін алу арқылы шетелдік тауарларды пайдалану мен қолданудан бас тартты».
Айта кетейік, Иранның Оңтүстік Парс газ кешенінің 4-ші мұнай өңдеу зауыты осы кешеннің бірінші және үшінші фазаларына жақын жерде орналасқан.
Оңтүстік Парс газ кен орны Парсы шығанағында және Иран мен Катардың аумақтық суларында бірге орналасқан әлемдегі ең үлкен газ кен орны болып табылады.
Оңтүстік Парс кенішіндегі табиғи газ қорының көлемі 51 триллион текше метрге және оның алынатын қоры 36 триллион текше метрге бағаланады.