Батыстың алдауын сынаудан бастап, орыс шапқыншылығын қолдамауға дейін; Арақчидің «Шпигельмен» маңызды әңгімесі
ParsТoday- Иран Сыртқы істер министрі сұхбатында: «7 қазан бос жерде болған жоқ. Палестина халқы немістердің еврейлерге қарсы жасағаны үшін жазаланбауы керек», -деді.
ParsТoday хабарлауынша, Сейед Аббас Арақчи Германияның Spiegel газетіне берген сұхбатында лаңкес Джамшид Шармехедтің өлім жазасына кесілуі, Батыстың қос стандарттары, Германияның 50 мың палестиналықтардың өлтірілуіне қатысты үнсіздігі, Ресейге зымырандарды сатпау және Иранның Донбассты өз жеріне қосып алуында Ресейді қолдамағаны туралы тақырыптарға тоқталды.
Иран Сыртқы істер министрі Шармахд оқиғасы туралы: «Шармахдтың мойындаулары қамауға алынғаннан кейін емес, қамауға алынғанға дейін байланысты! Ол Америкада жүргенде телеарналарға берген сұхбатында бұл әрекетін мақтанышпен айтып, Иран Ислам Республикасымен соғысқа кірдік, оларды өлтіріп жатырмыз дейді. Демек, Шармахдтың террорист және 14 адамды өлтірген қылмысы анық», -деді.
Қазіргі Германия үкіметі адам құқықтары стандарттарын бұзды
Арақчи былай деді: «Мен Еуропа елдері мен Американың әрекеттеріне күмән келтіргім келеді. Олар мүлдем үстемшілдік. Егер бір германиялық ұсталса, ол кепілдікке алынған болуы керек деп, қылмысына мән бермейсіндер. Бірақ егер сеңдер біреуді қамауға алсаңдар, әділдік орнады деп есептейсіңдер. Еуропаның өзін әділдіктің көрінісі деп санауы және басқа соттарды әділетсіз деп санауы – адамның ақыл-ойын қорлау. Еуропаның мұндай әрекеті ендігі жағдайды осында әкелді. Газада құрбан болған 50 000 адамға Шармахд үшін шу шығарғаныңыздай шу шығарған жоқсығдар».
Германия Газада 50 мың адамның өлтірілуін айыптаған жоқ
Иран Сыртқы істер министрі сөзін жалғастырды: «Израиль режимі Газада 50 000 адамды өлтірді, біз тіпті Германия үкіметінің айыптау мәлімдемесін шығарғанын, Адам құқықтары кеңесіне қарар енгізгенін, Израиль режиміне қарсы санкциялар салғанын немесе Құдсты басып алған режимнің кеңселерін жапқанын көрмедік. Мұның бәрі қос стандарттар».
Германия Израильмен ерекше қарым-қатынасқа ие
Арақчи былай деп түсіндірді: «Мәселе дәл осы жерде, Германияның Израильмен ерекше қарым-қатынасы бар, сондықтан адамдарды қыруына мән бермейді».
Арақчи былай деп қосты: "7-қазан ХАМАС-тың шешімі болды және ол бізбен кеңеспеді, бірақ бұл шешім дұрыс па, бұрыс па, оны тарих бағалайды. Бірақ бір нәрсе анық. Болған оқиғаның барлығы 80 жыл бойы бір ұлттың жерін басып алып, халықты көшірудің, Палестина халқын өлтірудің нәтижесі. Нәтижесінде екі миллион адамды Газа деп аталатын үлкен түрмеде ұстау. Нәтижесі оларды өз тағдырын анықтау құқығынан айыруда. Осы факторлардың барлығын ескеру керек, 7-қазан бос жерде болған жоқ. Палестина халқы немістердің еврейлерге қарсы жасағаны үшін жазаланбауы керек".
Иран Сыртқы істер министрі: «Палестиналықтар өз құқықтарын қорғаудың барлық тәсілдерін қолданды, тіпті келіссөздерге де кірісті, бірақ келіссөздерден неге жетті»?
Батыс әлемі мен Еуропа елдері Ирандағы Ислам революциясын дұрыс түсінбеді
Арақчи былай деп сөзін жалғады: «Ирандағы революция Америкаға тәуелді диктаторлық, автократиялық режимге қарсы болды, біздің революцияның ұраны тәуелсіздік, бостандық болды. Революциядан кейін біз өзімізбен ортақ мұраттары барлардың бәрін қолдадық. Сізден айырмашылығы, мен ХАМАС пен Хезболланы прокси деп атамаймын, олар әділ мақсаттар үшін күресетін тәуелсіз қозғалыстар, мен оларды азаттық қозғалыстар деп атаймын. Хамас пен палестиналықтар өз жерін азат ету үшін, Хизболла Ливанның оңтүстігін азат ету үшін соғысты».
Батыстың саясатына қарсы шыққан адам террорист
Ол былай деді: «Батыстың саясатына қарсылар лаңкес, ал батыстың саясатының бағытында жүретіндер жақсы дос - бұл біздің емес, сендердің тарапыңнан жасалған қос стандарт және қате саясат».
Арақчи қосты: «Еуропа өркениет пен адам құқығының үлгісі емес, басқаларды да құрметтеу керек! Өздеріңді шындық деп санап, басқаларды кемсітпеңдер»!
Біз Ресейдің Украинаға басып кіруін ешқашан қолдаған емеспіз
Иран Сыртқы істер министрі: «Біз Ресейдің Украинаға басып кіруін ешқашан қолдаған емеспіз, қырым мен Донбасс облысының өзіңе қосып алуын ешқашан мойындаған емеспіз. Біз бірінші күннен бастап Украинаның аумақтық тұтастығын қорғадық».
Арақчи былай деп айтты: «Біз Америка Құрама Штаттарының максималды қысымында өмір сүріп жатқанымызды және ең үлкен санкциялардың Иранға салынғанын және Еуропа елдерінің де соны ұстанатынын ұмытпаңдар. Сендер бізге нені сату керек немесе кімге сатпау керектігін айта алмайсыңдар».
Иран Ресейге баллистикалық зымыран сатпады
Иранның Сыртқы істер министрі сөзін жалғастырды: «мен сендерге айтамын, Иран Ресейге баллистикалық зымырандар сатпаған, тіпті Зеленский бұл мәлімдемені бірнеше күн бұрын растады. Егер Еуропа Украинаны текетірес алаңына айналдыруды шешсе, бұл біздің емес, Еуропаның шешімі».
Арақчи былай деп қосты: «Сендер Иран мен Ресейдің ынтымақтастығы туралы айтасыңдар، бірақ біздің ядролық өнеркәсібіміз Германияның көмегімен басталғанын, революциядан кейін Иранды тастап кеткен Германия екенін ұмытып, жобаны аяқтау үшін Ресейге баруға мәжбүр болғанвмызды ұмыттыңдар. Бұл Германия үкіметінің қателіктері болды, енді тағы бір қателік жібермеу үшін сақ болыңдар».
Бүкіл аймақтың жаппай соғысқа түсу мүмкіндігі бар
Иран Сыртқы істер министрі былай деп қосты: «Өткен жылы Израиль Газадағы қылмыстарын жалғастырған кезде, Иранды кең ауқымды соғысқа тартуға бірнеше рет әрекеттенді, бірақ біз кең ауқымды соғыстың алдын алуда ақылды және әдепті болдық. Бірақ мен сізбен келісемін, кейде жағдай бақылаудан шығып кетеді, егер Израиль осы отшашуын жалғастырса, ол міндетті түрде лайықты жауап алады».