Израиль режимінің ұрлауынан 17000 баланы өлтіруге дейін; Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Твиттердегі Бақаидің жолдауы
ParsТoday- Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы 20 қараша Халықаралық балаларды қорғау күніне орай X әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) жолдауында бұл күнді Газа балаларының азабы мен қасіретін көрсету мүмкіндігі деп атады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы 20 қарашаны Халықаралық балаларды қорғау күні деп атады. Осыған орай Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бақаи X әлеуметтік желісінде былай деп жазды: «Бұл күн барлық балалардың бейбітшілік пен қауіпсіздікте өмір сүру құқығын еске салу болып табылады».
ParsТoday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бақаи Газаның тынымсыз бомбалаулар астында балалар зиратына айналғанын айтып: «Осы бір жылда 17 мыңнан астам палестиналық бала қырғынға ұшырады, мыңдаған бала із-түссіз жоғалып кетті, ондаған мың бала жарақат алды және жүздеген адамға наркозсыз аяқ-қолын кесу ота жасалды, 35 мыңнан астам бала жетім қалды, көпшілігі отбасы мүшелерінен айырылды. Сондай-ақ, 4000-ға жуық бала аштықтан қайтыс болды, ал сансыз саны аштық, ауру, қоныс аудару және негізгі қажеттіліктердің жетіспеушілігі салдарынан қауіпке ұшырап отыр»,- деп мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «Палестинаның адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашысы Франческа Албанесе ханым хабарлағандай, соңғы онжылдықтарда жыл сайын жүздеген палестиналық балалар мен жасөспірім Израиль режимі тарапынан ұрланып, кепілге алынған»,- деді.
Бақаи палестиналық жазықсыз балалардың өлтірілуі мен азапталуының адамзаттың ар-ұжданында терең жаралар туғызғанына тоқталып: «Құзырлы адам құқықтары институттары мен Біріккен Ұлттар Ұйымының әрекетсіздігі мен немқұрайлылығы осы терең жараға тұз және оның жазылуына кедергі болып табылады. Қазір әлем палестиналық балаларға қарсы ауыр қылмыс жасағандардың жазасыз қалуын тоқтататын уақыт»,- деп айтты.