Батыстың Иранға қарсы заңсыз санкциялары химиялық қару құрбандарының дәріге қол жеткізуіне кедергі болып отыр
(last modified Fri, 29 Nov 2024 16:11:08 GMT )
Қар 29, 2024 22:11 Asia/Almaty
  • Батыстың Иранға қарсы заңсыз санкциялары химиялық қару құрбандарының дәріге қол жеткізуіне кедергі болып отыр

ParsToday - ИИР Сыртқы істер министрлігінің құқықтық және халықаралық істер жөніндегі орынбасары: «Ирандағы химиялық қару құрбандары Батыстың дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтарды жеткізу саласындағы заңсыз санкцияларынан әлі де зардап шегуде»,- деді.

Казем Ғариб абади, Иран Сыртқы істер министрлігінің құқықтық және халықаралық істер жөніндегі орынбасары Нидерландтың Гаага қаласында өткен Химиялық қаруға тыйым салу конвенциясына қатысушы мемлекеттер конференциясының 29-шы отырысында Ирандағы химиялық қару құрбандарының әлі күнге дейін Батыс елдерінің дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтарды жеткізу саласындағы заңсыз санкцияларынан зардап шегіп жатқанын айтып, Химиялық қаруға тыйым салу ұйымынан осы құрбандарға қолдау көрсету үшін шынайы әрі тиімді талпыныс жасауды сұрады.

Ғариб абади осы отырыста былай деді: «Кейбір елдер, әсіресе Германия мен АҚШ Ирактың БААС режиміне негізгі химиялық заттар жеткізушілері ретінде Иран халқына қарсы жасалған химиялық қылмыстарға қатысы бар. Олар халықаралық деңгейде заңсыз әрекеттері үшін жауап беріп, Иранның химиялық қаруынан зардап шеккендерге өтемақы төлеуі керек». 

ИИР СІМ-інің құқықтық және халықаралық істер жөніндегі орынбасарының мәлімдемесіне қарағанда, Американың халықаралық конвенцияларды ұстанбаған тарихы бар және АҚШ Иракқа басып кіруі кезінде бұл конвенцияларды қайта-қайта бұзу арқылы халықаралық қауымдастыққа нанымды жауап бермеді. Ғариб абади сөзінің жалғасында Израиль режимінің Палестина мен Ливанның қорғансыз халқына қарсы химиялық қару мен басқа да қауіпті заттарды, соның ішінде ақ фосфор мен әлсіретілген уранды қолдануына тоқталып: «Израиль режимінің химиялық қаруды қоса алғанда, жаппай қырып-жою қаруларының арсеналы аймақтық және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке елеулі қатер болып табылады. Сондықтан конвенцияның әмбебаптығын және халықаралық қауымдастықтың сионистік режимге осы конвенцияға қосылуы және оның барлық химиялық нысандарын Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының бақылауына беруі үшін қысым көрсету қажет»,- деп баса айтты.  

Иран Сыртқы істер министрлігінің құқықтық және халықаралық істер жөніндегі орынбасары сионистік режимнің кейбір батыс елдерінің, әсіресе АҚШ-тың сөзсіз қолдауымен Палестина мен Ливандағы қылмыстарын жалғастырып, өкінішке орай, қолсұқпайшылыққа ие екенін айтып, былай деді: «Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі БҰҰ Жарғысының жетінші тарауына сәйкес сионистік режимге қарсы тиімді санкциялар енгізу үшін әрекет етуі керек және барлық үкіметтер бұл режиммен кез келген экономикалық, әскери және қару-жарақ саласындағы ынтымақтастықтан бас тартуы керек.