Батыс Азия елдерінің Иранға жақындау сезімін арттыру себептеріне шолу
ParsToday – Иранның Израильмен қақтығыстарының оң жақтарының бірі көршілес елдердің Иранның әскери қорғаныс стратегиясына деген сенімділігі болды.
ParsТoday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сейед Мұхаммад Хұсейни бүгін «Арман» газетіндегі мақаласында: «Иран Ислам Республикасы соңғы айларда Иранның қарсыласу майданындағы көрсеткіштері мен Иранның көршілеріне қатысты көрсеткіштерін ажыратып, тіпті оларды бір-бірін жоққа шығаруға тырысты»,- деп жазды.
Сондықтан Иран дипломатиясы: «Иранның қорғаныс қабілеті аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін сақтау және сионистік режимнің экспансионизміне қарсы тұру үшін тежеу болып табылады. Иран Америка мен Израильге қатысты шынайы логикасы бар екенін көрсетуге тырысты, бірақ көршілеріне идеалистік қисынды ұстанады»,- деп мәлімдеді.
Қарсыласу майданының 7 қазаннан кейін сионистік режиммен қақтығыстарының жандануы және Иран мен сионистік режим арасында туындаған қақтығыстар сериясының оң және теріс жақтары көп болды. Оның оң жақтарының бірі көрші елдердің Иранның қорғаныс стратегиясына әскери тұрғыдағы сенімі болды. «Шын уәде 1» және «Шын уәдә 2» операцияларының тежеу логикасы, сондай-ақ Иранның дипломатиялық аппаратының ақылды дипломатиясы (әсіресе доктор Арақчидің қарқынды және тиімді сапарлары) көрші елдер мен аймаққа Иранның әскери қуатының тежеуші және қорғаныс қабілеті бар екендігі туралы жолдауды ұсынды. Иран соғысты дамытуға ұмтылмайды, бірақ өзінің ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын табанды түрде қорғайды. Бұл көрініс көрші елдер мен аймаққа ұсынылып, Иран Ислам Республикасының сионистер тарапынан қалай әскери қоқан-лоққыға ұшырағанын және оның бұл қоқан-лоққыларға тежеу логикасымен қалай батыл жауап бергенін көрсетті.
Араб елдерінің, әсіресе Сауд Арабиясы мен Мысырдың сионистердің Иранға шабуылын айыптау және Түркия үкіметінің Иранның сионистік режимнің өз жерлеріне басқыншылық жасауына жауап беруге құқығы бар екенін мойындауы бұл көршілес және араб елдерінің Иранның әскери қуатының қорғаныс қабілетіне деген сенімділігінің маңызды белгісі болып табылады, бұл көршілестік саясатының ілгерілеуіне айтарлықтай ықпал етеді.
Сондықтан Иранның Америкамен және сионистік режиммен қарсыласуы көрші елдерге мынаны дәлелдеді:
- Иран аймақтық елдерге қарсы соғыс ашпайды және оның әскери стратегиясы тежеу және қорғаныс болып табылады.
- Иран аймақтың ұжымдық қауіпсіздігі мен Ислам үмбетінің жалпы мүдделерін сақтау үшін өз еркімен араласады.
- Иранның қарсыласу майданындағы әскери әрекеті мен Иранның көршілестік саясаты арасында қайшылық жоқ, бірақ олар екі жаққа да тиімді.
- Иранның араласушы күштерге қатысты шынайы логикасы және мұсылман және көрші елдерге қатысты идеалистік логикасы бар.
- Шииттік жарты ай; Сефевидшілдік және иранофобия; Олар батыстық ақпарат құралдарының аңыздары және шындыққа ешқандай негізі жоқ.