Каспий экономикалық форумына қатысушы ресми тұлғалар Иранның ғылыми жетістіктер көрмесін тамашалады
ParsToday - Иранның Вице-президенті мен Каспий экономикалық конференциясына қатысушы басқа елдердің ресми тұлғалары Иран Ислам Республикасының ғылыми-техникалық жетістіктері көрмесін аралады.
ParsToday агенттігінің IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иранның Вице-президенті Мұхаммад Реза Ареф пен Каспий экономикалық конференциясына қатысушы ресми тұлғалар Теһран халықаралық көрмесіндегі Иран Ислам Республикасының ғылыми-техникалық жетістіктері көрмесін аралады.
Сейсенбі күні таңертең Иран Вице-президенті Каспий экономикалық форумына қатысуға келген басқа төрт елдің делегацияларының басшыларымен бірге Иран Ислам Республикасының соңғы ғылыми-техникалық жетістіктерін жақыннан тамашалады.
Бұл көрмеде ирандық білімге негізделген компаниялардың медицина мен денсаулық, ауыл шаруашылығы, мұнай-химия, тамақ өнеркәсібі, ағынды сулар мен химиялық ластаушы заттарды тазарту, су және энергетика және т.б. салаларындағы соңғы ғылыми және технологиялық жетістіктеріне қатысты ақпараттар түсіндірілді.