Теһранда Біріккен Ұлттар Ұйымының бірінші Дүниежүзілік туристік саммиті өтеді
ParsToday - Теһран мэрі бірінші Дүниежүзілік қалалық туризм форумының осы жазда қалада өтетінін хабарлады.
Теһран мэрі Алиреза Закани жұма күні: «БҰҰ-ның Дүниежүзілік туристік ұйымының Джакартадағы аймақтық саммитінде қол жеткізілген келісімдер негізінде Теһран бірінші Дүниежүзілік қалалық туризм форумын өткізуге таңдалды»,- деді. ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ол былай деді: «Дүниежүзілік қалалық туризм форумының бірінші отырысы 2025 жылы 24-25 маусымда Теһран әкімшілігінің ұйымдастыруымен Аббасабад мәдени және туризм аймағында өтеді».
Теһран мэрі осы халықаралық шараның маңыздылығына тоқталып: «Бұл басқосу Иран астанасының туристік мүмкіндіктерін таныстыру, халықаралық байланыстарды күшейту, шетелдік инвестиция тарту және қалалық туризм инфрақұрылымын дамыту үшін құнды мүмкіндік болмақ»,- деп қосты.
Жақында Иранның Исфахан қаласы Дүниежүзілік туристік ұйымға (БҰҰ Туризм) мүше 30-дан астам елдің оң дауыс беруімен ұйымның Шығыс Азия және Тынық мұхиты аймақтық комиссиясының 2025 жылғы 38-ші отырысын өткізуге сайланды.