Иран Сыртқы істер министрі: АҚШ-пен жанама келіссөздердің төртінші раунды жексенбі (11 мамыр) күні басталады
https://itolqyn.com/news/iran-i80446-Иран_Сыртқы_істер_министрі_АҚШ_пен_жанама_келіссөздердің_төртінші_раунды_жексенбі_(11_мамыр)_күні_басталады
ParsToday - ИИР Сыртқы істер министрі жексенбі күні Теһранның Америка Құрама Штаттарымен жанама келіссөздердің төртінші раундын өткізу туралы келісімін жариялап: «Келіссөздердің басталу уақыты туралы Оман тарапынан үйлестіруді күтеміз»,-деді.
(last modified 2026-02-12T18:19:10+00:00 )
Maм 10, 2025 16:15 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі: АҚШ-пен жанама келіссөздердің төртінші раунды жексенбі (11 мамыр) күні басталады

ParsToday - ИИР Сыртқы істер министрі жексенбі күні Теһранның Америка Құрама Штаттарымен жанама келіссөздердің төртінші раундын өткізу туралы келісімін жариялап: «Келіссөздердің басталу уақыты туралы Оман тарапынан үйлестіруді күтеміз»,-деді.

Сейед Аббас Арақчи жұма күні Иран Ислам Республикасының келіссөздердің осы раундындағы принципті ұстанымдары, сондай-ақ оның егжей-тегжейлері туралы: «Келіссөздердің уақыты мен орнын қабылдаушы ел немесе делдал, яғни Оман белгілейді»,- деді. Иран Сыртқы істер министрі келіссөздердің ілгерілеуіне қатысты: «Қандай жағдайда да келіссөздер алға жылжуда және біз неғұрлым ілгерілеушілікке қол жеткізсек, соғұрлым көбірек кеңесулер мен шолуларға мұқтаж болатынымыз табиғи нәрсе»,- деп қосты.