Генерал-майор Бақери: Иранға қарсы ешқандай қауіп жауапсыз қалмайды
https://itolqyn.com/news/iran-i80488-Генерал_майор_Бақери_Иранға_қарсы_ешқандай_қауіп_жауапсыз_қалмайды
ParsToday - Генерал-майор Бақери Иран қарулы күштерінің ұлттық мүдделер мен Парсы шығанағы аймағын қорғауға толық дайын екендігін баса айтып: «Иранға қарсы ешбір қоқан-лоққы жауапсыз қалмайды»,- деді.
(last modified 2025-11-10T21:50:04+00:00 )
Maм 13, 2025 16:26 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Бақери: Иранға қарсы ешқандай қауіп жауапсыз қалмайды

ParsToday - Генерал-майор Бақери Иран қарулы күштерінің ұлттық мүдделер мен Парсы шығанағы аймағын қорғауға толық дайын екендігін баса айтып: «Иранға қарсы ешбір қоқан-лоққы жауапсыз қалмайды»,- деді.

ИИР Қарулы Күштері Бас штабының басшысы генерал-майор Мұхаммад Бақери жексенбі күні Иранның оңтүстігіндегі Хормозган провинциясындағы қарулы күштердің жауынгерлік және операциялық бөлімдерін аралау барысында: «ИИР-ның қарулы күштері кез келген жағдайға толық дайын»,- деді. Генерал-майор Бақери былай деп жалғастырды: «Парсы шығанағы, Ормуз бұғазы және Оман теңізіне жасалған бұл сапар аймақтың операциялық жағдайын, сондай-ақ Иран Ислам Республикасы қарулы күштерінің, әсіресе армияның стратегиялық әскери-теңіз күштері мен Ислам революциясы Сақшылар корпусының Иранның аумақтық сулары мен ұлттық су ресурстарын, халықаралық ресурстарын қорғаудағы дайындық деңгейін бағалауды мақсат етеді». 

Иран Ислам Республикасы Қарулы күштерінің Бас штабының басшысы: «Осы сапар барысында әртүрлі операциялық жоспарларды жүзеге асыруға дайындық үшін қажетті далалық тексерулер өтеді және Иранның қарулы күштері кез келген жағдайға толық дайын және ешбір қоқан-лоққы жауапсыз қалмайды»,- деп қосты.