Генерал-майор Бақери: Иранға қарсы ешқандай қауіп жауапсыз қалмайды
ParsToday - Генерал-майор Бақери Иран қарулы күштерінің ұлттық мүдделер мен Парсы шығанағы аймағын қорғауға толық дайын екендігін баса айтып: «Иранға қарсы ешбір қоқан-лоққы жауапсыз қалмайды»,- деді.
ИИР Қарулы Күштері Бас штабының басшысы генерал-майор Мұхаммад Бақери жексенбі күні Иранның оңтүстігіндегі Хормозган провинциясындағы қарулы күштердің жауынгерлік және операциялық бөлімдерін аралау барысында: «ИИР-ның қарулы күштері кез келген жағдайға толық дайын»,- деді. Генерал-майор Бақери былай деп жалғастырды: «Парсы шығанағы, Ормуз бұғазы және Оман теңізіне жасалған бұл сапар аймақтың операциялық жағдайын, сондай-ақ Иран Ислам Республикасы қарулы күштерінің, әсіресе армияның стратегиялық әскери-теңіз күштері мен Ислам революциясы Сақшылар корпусының Иранның аумақтық сулары мен ұлттық су ресурстарын, халықаралық ресурстарын қорғаудағы дайындық деңгейін бағалауды мақсат етеді».
Иран Ислам Республикасы Қарулы күштерінің Бас штабының басшысы: «Осы сапар барысында әртүрлі операциялық жоспарларды жүзеге асыруға дайындық үшін қажетті далалық тексерулер өтеді және Иранның қарулы күштері кез келген жағдайға толық дайын және ешбір қоқан-лоққы жауапсыз қалмайды»,- деп қосты.